spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.2 C
Kokshetau

Есіл ауданында 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы қарқын алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Есіл  ауданында  «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпқабатты 45 пәтерлі тұрғын үй салынуда.  Оған республикалық қазынадан 297,5 млн теңге бөлінген,-деп хабарлайды « Aqmola News» Есіл ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.

Құрылысы сәуір айында басталған нысан желтоқсанда пайдалануға беріледі. Есіл қаласында соңғы үш жылда  «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алғаш рет салынып отыр. Қазір Есіл қаласында үй кезегінде тұрғандар көп. Сондықтан,   құрылыс бөлімінің мамандары баспана мәселесінің бірден шешілмейтіндігін  айтады.

Қазір қалада тұрғын үй кезегінде тұрған бес жүзден артық отбасы бар.

Айта кетерлігі,  соңғы 4 айда облыста 189 мың шаршы метр көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1777 отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанды.

Алдағы бес жылға арналған  мемлекеттік бағдарламаның мақсаты — тұрғын үй инфрақұрылымын дамытып,  баспананы  тұрғындарға қолжетімді ету дейді мамандар.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда нашақорлықтың алдын алу бойынша ауқымды акция өтті

Іс-шара құқық қорғау органдары мен белсенді жастарды біріктірді. "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыра отырып, ақмола өңірінің есірткі күресшілері...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика