spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
16.2 C
Kokshetau

Ақмолада 1350 адам бизнеске бағыт-бағдар беретін дәріс алмақ

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 10 маусымнан бастап кәсіп бастауға ниет білдіргендерге арналған «Бастау Бизнес» жобасы басталады, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы мәлім етті.

Елдегі карантин шараларына байланысты оқыту қашықтан және тегін түрде өткізілмек. «Бастау Бизнес» жобасына қатысу үшін кәсіп бастаушылар жұмыспен қамту орталығына барып, жеке куәлігі мен оқуға өтініш беруі тиіс. Жоба қатысушыларына жолдама беріліп, осыдан кейін өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгіну қажет.

Жұмыспен қамту орталығына тіркелмеген жұмыссыз адамдар, сонымен қатар ауылды жерлерде тұратын 18 жастан 29 жасқа дейінгі жастар, зейнет жасына жетпеген тұрмысы төмен және көп балалы отбасылар, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қатысушылары мен келімсектер де оқи алады. Қазіргі уақытта Ақмола облысында оқыту жоспарына сәйкес оқуға ниет еткендердің жалпы саны 1350 адамға жетті, – дейді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы директоры орынбасарының міндетін атқарушы Ерқанат Мұсылманбеков.

Бизнеске оқу курстарын кәдесіне жаратып, мықты кәсіпкерге айналғандардың бірі – Наталья Михайленко. Ол дәл осы жаңадан кәсіп бастауға арналған «Бизнес Бастау» жобасына қатысып, оқу курсын тәмамдаған. Қазір кәсіпкер әйел мемлекеттік мекемелердің бірінде асхана ашқан. Жас кәсіпкерге елді дүрліктірген карантин де кедергі бола алмапты. Ебін тапқан кәсіпкер төтенше жағдай режимінде қашықтан жұмыс істегендерге тамақты жеткізумен айналысқан.

Мемлекеттік мекемелер, дәрігерлер карантин режимінде жұмысын жалғастырды. Біз осы мекемелерге өз қызметімізді ұсындық. Сондықтан да карантин кезінде кәсібіміз кері кетпей, керісінше өрге домалады. Көп адам менен мұндай кәсіпке қайдан үйренгенімді сұрап жатады. Мен «Атамекен кәсіпкерлер палатасында оқығанымды айттым. Мұндағы мамандар кәсіптен нәсіп табудың тың жолдарын үйретті. Мәселен мен мыңдап котлет жасай аламын. Бірақ оны қалай сатып өткізуді білмейтінмін. Атамекенде бәрін үйрендім, – дейді Наталья Михайленко.

Айта кетейік, былтырғы жылы оқу курстарына 4 мыңнан астам ақмолалық оқыған. Олардың 80 пайызы жұмыссыздар, ал 20 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтушылар болған. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 1938 адам гранттан алған. Кәсіпкерлікке үйренуге өтінім беру әлі жалғасуда. .

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img