spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
8.3 C
Kokshetau

Целиноград ауданы Бірлік ауылында балалар-спорт алаңы ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Целиноград ауданының 95 жылдығын мерекелеу аясында Оразақ ауылдық округінің Бірлік ауылында балалар спорт алаңының ашылуы өтті.

Ауданда салауатты өмір салтын сақтауға, балалардың бұқаралық спортты дамытуға, халықты заманауи спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінеді. Бұған тек мемлекет қана емес, жергілікті кәсіпкерлер де қатысатыны қуантады.

«Шаңырақ» басқарушы компаниясы» басшылығы Бірлік ауылында балалар-спорт алаңын салуға бастамашы болды.

Балалар спорт алаңының ашылуына Оразақ ауылдық округінің әкімі Шыңғыс Жанділдин, «Шаңырақ» басқарушы компаниясы» ЖШС құрылтайшысы Александр Лоренц, ауыл тұрғындары және әлбетте салтанат иелері – ауылдың ең жас тұрғындары қатысты.

А. Лоренц атап өткендей, бұл жарқын, түрлі-түсті балалар мен спорт алаңы балаларға қамқорлық көрсетудің үлгісі болып табылады. Бұл олардың сау дамуына үлес қосып, балалардың сүйікті ойын-сауық орнына айналады.

«Шағын ауылдарда спорт алаңын ашу жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға жақсы көмек болып табылады. Енді ауыл тұрғындары мен балалары жаңа спорт алаңының барлық мүмкіндіктерін пайдалана алады», – деп атап өтті ауылдық округ әкімі Шыңғыс Жанділдин.

Спорт алаңын салуға ауылдық округ әкімдігі 14 сотық жер берді. Бұл спорт алаңы шағын футбол, баскетбол алаңымен, воркаут-аймақпен және сырғанақ, әткеншектер, орындықтар орнатылған ойын алаңымен жабдықталған.

Өз кезегінде ақсақалдар баталарын беріп, балаларға осындай сыйлық үшін алғыстарын білдірді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img