Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Ақкөл ауданының әлеуметтік объектілерін аралап, қала активімен кездесті.
Сонымен қатар, сол күні ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен «Smart Aqkol» КММ ахуалдық орталығында кездесу өтті, онда проблемалық мәселелер, өңірді дамыту және одан әрі цифрландыру перспективалары талқыланды.
Сапар аясындағы іс-шаралардың бірі аудан активімен кездесу болды. Отырысты аша отырып, өңір басшысы аудан үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары мен құрылыс маңызды салалар болып қала беретінін атап өтті.
«Назар аударуды қажет ететін екі негізгі қағида – мемлекеттің адам орталықтылығы және клиентке бағдарлану тұжырымдамасы. Бір сөзбен айтқанда, біз игерілген қаражаттың көлеміне емес, нәтижелері мен сапасына назар аударуымыз керек. Әлеуметтік дәрежені сандармен емес, фактілермен өзгерту керек. Жергілікті атқарушы органдардың тиімді жұмысының сапасы халықтың талаптары мен қажеттіліктеріне сай болуы тиіс», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Сондай-ақ, кеңесте жылыту маусымына дайындық, сумен жабдықтау, КТҚ, егін жинау науқаны, жерді тиімсіз пайдалану және инфрақұрылымдық жобаларды одан әрі іске асыру мәселелері көтерілді.
Аудан әкімдігіне бірінші кезектегі тәртіппен қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелерін және жобалардың іске асырылу барысын бақылау тапсырылды.
Сапар Иманов көшесіндегі 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысына барумен жалғасты.
«НИКС Инжиниринг Групп ИВ» ЖШС директоры Владимир Пинчуктың айтуынша, құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жұмыстар ұзаққа созылған. Жобаның құны 509,5 млн. теңге.
«Үй жақын арада пайдалануға берілуі тиіс. Құрылысты қатаң қадағалап, сапаны кешіктірмеу керек», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Бұдан кейін өңір басшысы аудандық аурухананың қызметімен танысты. Денсаулық сақтау объектісінің жобалық қуаты тәулік бойы 75 орынды және күндізгі стационарда 70 орынды құрайды. Емхана бір ауысымда 250 келушіге есептелген.
Бүгінгі таңда стационар ғимаратын күрделі жөндеу қажет. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ақылбековтің айтуынша, жобалау-сметалық құжаттама әзірлену үстінде. ЖСҚ және МС жүргізілгеннен кейін осы жобаны іске асыру үшін ақшалай қаражат бөлу қажет.
Мұнда облыс басшысы күрделі жөндеудің толық құнын есептеп, жаңа аурухана салу мүмкіндігін талқылауға шығаруды тапсырды.
Т. Бигелдинов көшесіндегі жол-көлік торабын реконструкциялау облыс әкімінің қатал сынына ұшырады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Михаил Ворсиннің айтуынша, 1200 м учаскесінде жол жамылғысын реконструкциялау жүргізілді.
«Резервтік су құбырларының корпустарын, жолдың жүріс бөлігінің астындағы науаларды төсеу, жаяу жүргіншілер тротуарын және жолдан объектілерге кіреберістерді орнату бойынша жұмыстар жүргізілді», – деді М.Ворсин.
Марат Ахметжанов мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына кеңес өткізу үшін қорытынды бере отырып, құжаттаманы тексеруді тапсырды.
«Маған өткен жылдан бері жұмыс қарқыны осал екені хабарланды. Сізде техника да, жұмысшылар да жоқ. Біреуді қосалқы мердігерлікпен жалдаңыз. Мемлекеттік қаражатқа бизнес жасаудың қажеті жоқ. Реконструкциялауды тездету керек, ал сіз баяу жұмыс істеп жатырсыз», – деп атап өту облыс әкімі.