spot_img
Бейсенбі, Қаңтар 16, 2025
-7.7 C
Kokshetau

Ақмола облыстық ПД-ның жаңа бастығы тағайындалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақмола облысы ПД бастығы болып полиция полковнигі Нұрсұлтан Мұқашев тағайындалды.

Жаңа бастықты жеке құрамға ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев таныстырды.

Мұқашев 1977 жылы 22 шілдеде Қарағандыда дүниеге келген. ІІО-дағы қызметін 1998 жылы Қарағанды облысы ІІБ анықтау бөлімшесінің анықтаушысы қызметінен бастады.

Ол Қарағанды облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында түрлі лауазымдарда болған. 2010-2020 жылдары Қарағанды қаласы ІІБ Михайлов полиция бөлімін, Саран қаласы ІІБ, Қарағанды қаласы ПБ, Шахтинск қаласы полиция бөлімін басқарды. Сондай-ақ Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасарын лауазымында болған.

Бұған дейінгі лауазымы – Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Өткен жылы «iKomek-109» Қызметіне 33 мыңнан астам өтініш түсті

iKomek 109 қызметі – бұл Ақмола облысының бірыңғай байланыс орталығы. Ол өңір тұрғындарына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img