spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Жарқайың ауданында «Достық дәмі» фестивалі өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұл ауданда армян этносының өкілдері тұрады. Мәдениет үйі келген қонақтарды мерекелік көңілмен дәстүрлі шәшумен қарсы алды Залда армян халқының сәндік-қолданбалы өнер көрмесі, аудан тарихымен таныстыратын экспонаттар ұйымдастырылған. Қонақтар армян этносының өкілдерімен әңгімелесіп, олардың ұлттық тағамдарының дәмін татты.

Аудан әкімі Жанболат Хамитов, «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысы Ермек Нұғыманов, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Мырзабек Құдайберлі фестивальге қатысушыларға  құттықтауларын арнады.

Өз сөзінде «Арарат» армян этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Вачик Мавсисян Қазақстан халқының достығы мен бірлігін нығайту туралы айтып, армян этносының тілі мен мәдениетін дамытуға қолдау көрсеткені үшін мемлекеттік органдарға алғысын білдірді. Оның сөзін армян әйелі Карин Молнар қазақ тілінде жалғастырды.

Содан кейін армян қазақ әйелдерінен құралған топ «Бесік салу» деген қазақ салтын көрсетті. Мереке этномәдени бірлестіктің және мәдениет үйінің үздік ұжымдарының өнерімен жалғасты.

Ассамблея жұмысына белсенді қатысушы Жарқайың ауданы өкілдері «Қоғамдық келісім» КММ-нің алғыс хатымен марапатталды..

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img