spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 3000 жуық пәтер салынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын іске асыру бойынша құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жұмысы депутат Саят Сыздықовтың төрағалығымен өткен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында қаралды, деп хабарлайды Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Марат Әубәкіров «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асырған бес жыл ішінде Ақмола облысында 2,8 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 24,4 мың тұрғын үй пайдалануға берілгенін, халықтың әлеуметтік осал топтары мен жергілікті органдардың кезекте тұрғандары үшін 2020 жалға берілетін және 844 кредиттік пәтер салынғанын хабарлады. Электр және сумен жабдықтаудың инженерлік желілерімен жеке тұрғын үй құрылысы үшін 2132 жер учаскесі және Бурабай ауданында 938 жер учаскесі сумен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген.

Бағдарлама тұрғын үй мәселелерін шешуге неғұрлым кешенді және жүйелі көзқарасты көздейтін Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасы бекітілген 2022 жылдың қыркүйегіне дейін қолданылды.

2023 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 8 жалға берілетін көппәтерлі тұрғын үйді немесе 306 пәтерді, 7 кредиттік тұрғын үйді немесе 380 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда.

«Барлық жоспарларды іске асыру тұрғын үй жағдайын жақсартуға және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл саладағы проблемалар шешіліп, қойылған мақсаттарға қол жеткізіледі», – деп түйіндеді баяндамашы.

Тұрақты комиссия мүшелерінде тұрғын үй құрылысының, инфрақұрылымның сапасы мен қарқыны, бөлінген қаражатты мерзімінде игеру бойынша бірқатар мәселелер мен рекомендациялар болды, олардың барлығы отырыстың  қорытынды хаттамасында көрініс тапты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img