spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының сақталуын қашықтықтан бақылау

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қашықтықтан мониторинг жүргізу барысында рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде Степногорск қаласы әкімдігінің қызметінде көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден негізсіз бас тарту фактісін анықтады.

Осылайша, азаматша З. жергілікті атқарушы органға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін қосымша жер учаскесін беру туралы өтінішпен жүгінген, алайда оған қолданыстағы заңнамамен қала аумағында мұндай нысаналы мақсат көзделмегендіктен бас тартылды.

Теріс шешім алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы әкімдікке өзінің қолданыстағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын «жеке қосалқы шаруашылық жүргізуден» «тұрғын үйге қызмет көрсетуге» өзгерту үшін жүгінген.

Өтінішті қарағаннан кейін Степногорск қаласының жер комиссиясы мен әкімдігі елді мекеннің бас жоспарына сәйкес  жер учаскесінің тұрғын үй құрылысы қоныс аймағында орналасуы себебінен мемлекеттік қызмет көрсетуден қайтадан бас тартты.

Ақпараттық жүйелер арқылы өтініш материалдарын қашықтықтан зерделегеннен кейін Департамент жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тартудың негізсіздігі туралы қорытындыға келіп, Степногорск қаласының әкімдігіне тиісті нұсқау жіберді.

Департаменттің хаты негізінде өтініш берушінің құқықтары қалпына келтірілді: өтініш берушіге жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім берілді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img