spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында жер қойнауын пайдаланушыға жасанды бюрократиялық кедергілер жасалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне мемлекеттік орган тарапынан бюрократиялық әуре-сарсаңға салғаны туралы шағыммен жер қойнауын пайдалану саласындағы ЖШС жүгінді.

Белгілі болғандай, кәсіпорын Целиноград ауданындағы кен орнында құрылыс құмын одан әрі өндіру үшін облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан экологиялық рұқсат құжаттарын ала алмаған.

Шенеуніктер бизнес субъектісіне қажетсіз кедергілер тудырған. Мысалы, мемлекеттік орган жер қойнауын пайдаланушыдан «Солтүстікқазжерқойнауы» өңіраралық департаментінің жер учаскесінің аумағында ауыз су кен орындарының болмауы туралы қорытындысын талап еткен.

Проблемалық мәселені зерделеу кезінде қазір мұндай анықтамаларды берумен «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ айналысатыны белгілі болды. Алайда, ЖАО-ның талабына байланысты кәсіпорын «Солтүстікқазжерқойнауына» жазбаша түрде жүгінуге және осы Департаменттің қорытынды беру өкілеттігі туралы ресми түсінік беруін күтуге мәжбүр болды. Бұл ретте Ұлттық геологиялық қызмет өткен жылы ЖШС-ге ауызсу сапасындағы жерасты суларының кен орындарының жоқтығы туралы анықтама берген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті экология және табиғатты пайдалану саласындағы уәкілетті органдармен кездесулер өткізгеннен кейін кәсіпорынға қажетті рұқсат құжаттары берілді.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда жер қойнауын пайдаланушы кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия алды.

 Фото: https://ru.wallpaper.mob.org/

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img