spot_img
Жұма, Наурыз 1, 2024
-10.5 C
Kokshetau

Ақмола облысында биыл өзге ұлттың 20 баласы қазақ сыныбына барады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жаңа 2023-2024 оқу жылында 1-сыныпқа 14 395 оқушы қабылданды. Оның ішінде өзге ұлттың 20 баласы қазақ тілінде білім алады. Мұндай деректі облыстың білім басқармасы Halyq Uni ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Облыс бойынша мектептерде бір компьютерді 3 бала қолдана алады. Білім басқармасы республика бойынша бір компьютерді 5 оқушы қолданатыны туралы статистиканы қоса ұсынған.

Ресми ақпарат бойынша, мектептерде 45 мыңнан астам компьютер техникасы бар.

ЕКІ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕПТЕР МӘСЕЛЕСІ ҚАШАН ШЕШІЛЕДІ

Ақмола облысында үш ауысымда білім беретін 2 мектеп бар. Олар Аршалы ауданы Жібек жолы ауылындағы мектеп пен Қосшы қаласындағы №2 мектеп.

Редакция бұл мәселенің қалай шешілетінін сұраған еді. Басқарма ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес, Жібек жолы ауылында 300 балаға арналған мектептің құрылысы жүріп жатыр. Ал Қосшы қаласында 1 200 оқушыға арналған мектеп салынып жатыр. Мектеп жаңа 2023-2024 оқу жылы басталғанша пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Әкімдік осылайша облыстағы үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешіледі деп уәде беріп отыр.

АПАТТЫ МЕКТЕПТЕР ЖАЙЫ

Ақмола облысында екі мектеп апатты жағдайда тұр. Оның бірі – Жарқайың ауданы Бірсуат ауылының жалпы білім беретін мектебі, екіншісі – Біржан Сал ауданы Бұланды ауылының жалпы білім беретін мектебі.

Halyq Uni 2022 жылдың тамызында облыстың білім басқармасына осы сауалды жолдаған еді. Сол кезде басқарма Бұланды ауылындағы апатты жағдайдағы мектептің құрылысы 2021 жылы облыстық бюджет қаражатынан басталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ құрылысты 2023 жылы аяқтау жоспарланған.

«Апатты жағдайды жою үшін облыс бюджетінен Біржан сал ауданы Бұланды ауылында 80 оқушыға арналған мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бірсауыт ауылындағы мектепті реттеу үшін мектеп ғимаратын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жобаның құны – 434,9 млн теңге. Жоба ведомство тарапынан бөлек сараптамадан өтіп жатыр», – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ биыл облыста 4 052 балаға арналған 10 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Олар:

  • Қосшы қаласында – 1 200 оқушыға;
  • Шұбар ауылында – 300 оқушыға;
  • Өтеміс ауылында – 120 оқушыға;
  • Целиноград ауданының Жаңа жол ауылында – 80 оқушыға;
  • Аршалы ауданының Жалтыркөл ауылында – 300 оқушыға;
  • Көкшетау қаласында оқу-тәрбие кешені – 392 оқушыға;
  • Көкшетау қаласында – 1 200 оқушыға;
  • Бестөбе ауылында – 300 оқушыға;
  • Степногорск қаласы, Біржан сал ауданы Бұланды ауылында және Сандықтау ауданы Петровка ауылында – 80 оқушыға мектеп салынып жатыр.

Сондай-ақ Ақкөл қаласының №4 орта мектебіне және Көкшетау қаласының №4 арнайы мектеп-интернатына қосымша оқу ғимараттары салынып жатыр.

Облыстың құрылыс басқармасының хабарлауынша, 1 қыркүйекке қарай 2 092 оқушыға арнайы салынған 5 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Ал 2023 жылдың соңына дейін тағы 3 мектеп салынады. Олар: Целиноград ауданының Жаңа жол ауылында 80 оқушыға арналған мектеп пен Аршалы ауданының Жалтыркөл ауылында және Степногрск қаласының Бестөбе ауылында 300 балаға арналған мектеп.

Облыс мектептеріндегі орын тапшылығын жою үшін 2025 жылға дейін тағы 18 мектеп салынады. Сол арқылы 22,6 мың оқушыға мектепте орын ашылады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

2023 жылы 140 мыңнан астам ақмолалық АИТВ-ға тестілеуден өтті

Бірінші наурызда ЮНЭЙДС бастамасымен, бүкіл әлемде "Кемсітушілік нөлі" күні атап өтіледі. 2024 жылғы ұраны - "Әркімнің денсаулығын сақтау үшін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img