ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасымен бірлесіп «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Ш. Уалиханов атындағы әскери колледжі» және Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұлан 5510 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» заңының талаптарын орындау бойынша тексеріс жургізілді.
Тексеріс барысында салыстырып-тексеру мерзімі өтіп кеткен өлшем құралдарын пайдалану анықталды. Бұл жеке құрам орналасқан объектілердегі температураны өлшеу құралдары, медициналық таразылар, тонометрлер т.б. Екі әскери нысанда барлығы 101 бірлік өлшем құралы мерзімдік тексерусіз қолданылған.
Жоғарыда көрсетілген сәйкессіздік «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының талаптарын бұзу болып табылады, мұнда 19-бапта осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшеу құралдары, олардың типі бекітілгеннен немесе метрологиялық аттестатталғаннан және айналымқа шығар алдында, жөндеуден өткеннен кейін, пайдалану кезеңінде салыстырып-тексеру жүргізіледі деп көрсетілген. Және де осы заңбұзушылығына қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 419-бабының 1-тармағына 2 тармақшасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.
Аталған құқықбұзушылық бойынша әрбір мекемеге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, әрбір нысан бойынша 230 АЕК мөлшерінде, яғни 793 500 теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салынды.
Талаптың толық сомасы төленді. Департамент қызметкерлерімен «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.