spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Егіндікөл ауылында балалар алаңқайлары ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында аудан орталығындағы үш көшеге жалпы құны 35 млн.теңгеден астам қаражатты құрайтын балалар ойын алаңдары орнатылып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Ойын алаңының қажеттілігі туралы өтініштер тұрғындар тарапынан партияның қоғамдық қабылдауына бірнеше мәрте келіп түскен болатын.

Сайлаушылар тілегін ескерген партиялықтар Егіндікөл ауылындағы халық тығыз қоныстанған  Восточный, Стадионный көшелері мен Жастар паркіне балалар ойын алаңын орнатуды партияның 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасына  енгізіп, көп ұзамай бұл мақсатты орындады. Жергілікті және облыстық бюджет қаражаты есебінен тұрғызылған ойын алаңдарының сапасы мен дұрыстығын Егіндікөл аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері тексеріп, бірқатар ескертулер жасаған болатын. Араға уақыт оздырмай қайта  тексеруге шыққан Партиялық бақылау комиссиясы ойын алаңының сапасына оң бағасын берді. Балаларға арналып әткеншектер, сырғанақ, өрмелеуіш, төбесі жабылған ойын құрылғылары орнатылған. Ойын алаңы түрлі-түсті сырлармен әсемдеп, безендіріліп, балалар ойнайтын алаңға құм төгілген. «Біздің ауылда бұрын соңды осындай заманауи балалар ойын алаңдары болмап еді. Бұл тұрғындардың серуендеп, балалардың босу уақытын тиімді өткізетін жақсы жерлеріне айналды. Сапасы сын көтереді деп айтуға болады»,- дейді Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі  Қабыкен Шынтеміров.

«Ауылда  балаларымыз бен немерелерімізге арналып ойын алаңының ашылғандығына өте ризамыз. Тұрғындардың атынан алғысымды айта отырып, осындай жақсы істердің куәсі бола берейік деген тілегімді білдіремін. Атсалысқан партиямызға  көптен-көп рахмет! Енді, балалар мен жасөспірімдер өздеріне арнап салынған алаңды бұзбай, көздің қарашығындай сақтап, тәртіппен пайдаланады деп сенеміз»,- деп ақжарма тілегін білдірді Восточный және Стадионный көшелерінің тұрғындары.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img