spot_img
Сенбі, Қазан 18, 2025
4.2 C
Kokshetau

Көкшетауда кәсіпкерге жарты жылдан астам уақыт бойы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат берілмеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы бизнесті қорғау жөніндегі мобильдік топқа Көкшетау қаласының жеке кәсіпкері жүгінді. Жергілікті атқарушы органдар оған 6 айдан астам уақыт бойы әкімшілік кедергілер жасады.

Белгілі болғандай, өткен жылдың қараша айынан бастап кәсіпкер қала әкімдігіне бірнеше рет жүгініп, сауда павильонын орнату үшін өз жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге талпынды.

Алайда, шенеуніктер әр түрлі негіздерді көрсете отырып, кәсіпкердің өтінішін қанағаттандырудан әр жолы заңсыз бас тартты. Осы себепті ЖК ұзақ уақыт бойы жерді коммерциялық мақсатта пайдалана алмады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Атамекен» ӨКП-мен бірлесіп, мүдделі тұлғалардың қатысуымен кездесу өткізді. Онда мәселені шешу бойынша ұсыныстар әзірленді.

Нәтижесінде Көкшетау қаласының әкімдігі жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде қаулымен жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертті.

Фото: https://www.gov.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жәнібек Ермекұлы Сейітжановқа «Ерлігі үшін» медалі берілді

Жәнібек Ермекұлы Сейітжанов – Ақмола облысы ТЖД Есіл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі №23 өрт сөндіру бөлімшесінің командирі. Құтқарушылар сапында 2006...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика