spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
22.2 C
Kokshetau

Жақсы ауданының өзекті мәселелері талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіповтің Жақсы аудандық мәслихатының депутаттарымен  кездесуі екі сағатқа созылды, деп хабарлайды Aqmola news ақпараттық агенттігі Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Дөңгелек үстелде бірлескен жұмыс жоспарлары, халық қалаулыларының мұқият назар аударуын және облыстан трансферттерді бөлуді талап ететін ең өзекті мәселелері талқыланды.  Кездесуге облыстық мәслихаттың Жақсы ауданынан депутаты Қайыржан Құсайынов та қатысты.

Сондай-ақ, Жақсы ауданына жұмыс сапары аясында Бейбіт Айтымұлы «AMANAT» партиясының аумақтық филиалында жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады. Аудан тұрғындарының өтініштері ауыз судың сапасына, аудандық аурухананың медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге қатысты болды. Осы сұрақтар бойынша жауапты мемлекеттік органдардың басшылары өз түсініктемелерін берді.

«Депутаттар мен жергілікті атқарушы органдардың ортақ күш-жігерімен және облыс әкімдігінің қолдауымен бұл мәселелер оң шешілетіне сенімдімін», – қорытындылады облыстық  мәслихат төрағасы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика