spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.2 C
Kokshetau

Еңбекте осыған дейін жіберілген кемшіліктер қайталанбауы қажет, – мемлекет басшысы

Сондай-ақ...оқыңыз

Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарихына тоқталып, жеті томдық ауқымды жинаққа қатысты тапсырма берді. Бұл іссапарға қатысты Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Марат Өтегенов пікір білдірді.

– Еңбекте осыған дейін жіберілген тұжырымдамалық қателіктер мен кемшіліктер қайталанбауы қажет. Оған соңғы кезде ашылған тарихи жаңалықтар түгел енгізілуі керек. Қарама-қайшы мәліметтер болмауға тиіс. Қазақстан аумағында өткен тарихи оқиғалардың әлемдік үдерістермен тығыз байланыста сипатталуы маңызды. Бір сөзбен айтсақ, жеті томдық еңбекте еліміздің шынайы шежіресі толығымен жазылуы қажет. Бұл – аса маңызды мәселе, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл еңбек ұлттың тарихи сана-сезімін жаңғыртуға, мемлекеттілігімізді нығайтуға зор үлес қосары сөзсіз.

Біз сан ғасырлық тарихымызды мақтан етеміз. Тамыры терең төл шежіреміз – халқымыздың мәдени кодының өзегі. Оны жан-жақты зерттеп, ой елегінен өткізуге және барынша дәріптеуге қажетті жағдай жасауымыз керек. Бұл – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі».

Ұлы Даланың тарихын ежелгі дәуірден бастап қазірге дейін зерттеуді одан әрі жалғастыруға ерекше назар аудару қажеттілігі туралы Президент осыдан екі жыл бұрын «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында арнайы тоқталған болатын.

Қазіргі таңда отан тарихының өзекті мәселелері мен тарихи оқиғаларын тұжырымдамалық шынайы тарихы тұрғыдан қайта қарастыру стратегиялық маңызды мәселе болып табылады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img