spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 18, 2025
13.1 C
Kokshetau

Ақмола облысында ауылшаруашылық секторы қарқынды дамуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Агроөнеркәсіптік кешен облыс экономикасының перспективалы секторларының бірі болып табылады. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Облыстың ауыл шаруашылығының өнімін өндірудегі үлесі өңірдің ғана емес, Астананың да қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып, шамамен 10%  құрайды.

«Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын көктемгі егу 5,2 млн. гектар алқапқа жүргізілді. Бұл республикадағы ең ірі астық сынасы. Жыл сайын еліміздегі астықтың төрттен бір бөлігін өндіреміз, бұл ретте біз астыққа, тұқымға және жемге деген ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етеміз. Жыл сайын алыс және жақын шет елдерге 2,2 млн.тоннадан астам астық экспортталады», – деп атап өтті облыс басшысы.

Өңірде астық өндірісін техникалық жарақтандыруға тиісті көңіл бөлінеді. Жыл басынан бері облыстың агроқұрылымдары 840 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды: жалпы сомасы
29,8 млрд.теңгеге тракторлар – 143 бірлік, комбайндар – 69, егін егу кешендері – 34 және өзге де техника – 594.

Егін егу науқанына барлығы 15,1 мың бірлік трактор, 16,6 мың астық сепкіш және 1,5 мыңнан астам өнімділігі жоғары егістік кешендері қатысты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды

Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика