spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

УАҚЫТ ЖҮГІ АУЫР

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда соңғы кездерде болып жатқан өзгерістерге қарап біз өзіміздің ерекше бір сындарлы шақта өмір сүріп жатқанымызды сеземіз.

Әрине, жаңарған қоғамды құру, оны жетілдіріп отыру – Ел басшылары үшін ең ауыр міндет дер едім.

Қазіргі кезде саяси реформалар жан-жақты жүргізіліп жатыр. Сайлау жүйесі де біраз жаңарды. Соның негізінде биылғы өткен Парламенттік сайлауда 6 партия өз өкілдеріне сенім арта білді. Олардың халықтың сенімді уәкілдері бола алатынына біз де сенеміз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заң шығарушы ұйымдардың алдына нақты міндеттер мен тапсырмалар қойды. Енді соны ретімен орындап, әділетті Қазақстан құру жолында олардың күштерін біріктіргені абзал.

Біз еліміздің ұстаздарға деген көзқарасының өзгергенін байқадық. Мұғалім мерейі, қай заманда болмасын, биік әрі салмақты болуға тиісті.

Ендігі кезекте медицина саласында дамылсыз еңбек етіп жүрген жандарға да кешенді көмектер мен жеңілдіктер жасалуда.

Қай салада болмасын жаңа бастама біртендеп жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын және орта бизнесті экономика мен еңбек нарығының қозғаушы күшіне айналдыру керек деген сөзі – көпшіліктің қолдауына ие болды.

Дамыған елдердің негізгі көрсеткішінің бірі – ғылым мен жаңа технология. Себебі, ғылым дамыған жерде өнеркәсіп те жан-жақты дамиды. Сол арқылы біз алға озған озық елдерге қосыла аламыз.

Әл-Фараби бабамыздың «Ғылымы жоқ елдің – болашағы бұлыңғыр» деген қанатты сөзі тіршіліктің шынайы ақиқаты.

Президент еліміздегі өнеркәсіпті алға жылжыту шартының бірі – ғылымды дамыту деп айтты.

Қазіргі таңда еліміздің тиісті министрлігі ғылым мен өнеркәсіпті байланыстыру үшін ауқымды жұмыстарды қолға алды. Мысалы, жасанды интелектінің соңғы жетістіктері негізінде Биоинформатика бойынша кең көлемді зерттеулер жүзеге асуда.

Жасанды иммундық жүйелердің жаңа модификацияланған алгоритмдері,  және өнеркәсіпті, мұнай-газ саласын автоматтандыру, сондай-ақ, фармакологияны дамытуға тың өзгерістердің енгізіліп жатқаны – қуанарлық жағдай.

Біздің ғалымдар жақында алғашқы рет ақпаратты шифрлаудың отандық тың жүйесін әзірледі.

Елімізде азаматтық қауымдастық институты да нығайу үстінде.

Қазақстанның барлық аймақтарында әкімшілік-территориялық жүйесі жаңаша жұмыс істеуде. Әсіресе, ауылдық әкімдердің дербес жұмыс істеуіне, өзінің бюджетінің қалыптасуына жаңаша жол ашылды.

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ,

«Есіл-Нұра» газетінің редакторы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img