Бүгін таңғы 8.00-де Көкшетау қаласындағы Тәуелсіздік алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды.
Жәрмеңкеде Аршалы, Астрахан, Бұланды, Жарқайың, Жақсы, Егіндікөл, Есіл, Ерейментау, Қорғалжын аудандары мен Көкшетау қаласының шаруалары, сондай-ақ “Kokshe” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өз өнімдерін ұсынды.
Шараға 80-нен астам ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші қатысып, жалпы құны 74 миллион теңгені құрайтын 71 тонна өнім әкелді. Қала тұрғындары мен қонақтары жәрмеңкеде 40-тан астам тауар түрін сатып ала алу мүмкіндігіне ие болды.
Ұсынылған тауардың бағасы да нарықтағы бағадан 10-15% төмен болды.
Өңір аграрийлері жәрмеңкеде 18,5 тонна ет пен шұжық, 2 тонна балық, 140 мың дана жұмыртқа, 3,7 тонна сүт өнімін, 2,9 тонна ұн, 16 тонна картоп және басқа да тауар түрлерін саудалады.