spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
1.2 C
Kokshetau

Аңшылық және балық аулау ережелерін бұзу

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысындағы рейдтік іс-шаралар кезінде аң аулау, балық аулау ережелерін бұзу және ағаштарды заңсыз кесу фактілері анықталды, деп хабарлайды орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының баспасөз қызметі.

22-23 сәуір аралығында Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Зеренді, Сандықтау, Бурабай, Целиноград, Егіндікөл, Қорғалжын аудандарында рейдтік іс-шаралар өткізді. Бұл іс-шараларға сондай-ақ табиғатты қорғау полициясы, «Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ, «Сапсан» жедел тобы, «Көкшетау ауданаралық аңшылар және балықшылар қоғамы» ҚБ аңшылық қызметі және “Жаңаталап НС» ЖШС қатысты.

Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде балық аулау, аң аулау ережелерін, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақта болу тәртібін бұзу анықталды. Ағаштарды заңсыз кесу фактісі де тіркелді. Жалпы сомасы 281 мың 106 теңге залал келтірілді, оның 263 мың 925 теңгесі жануарлар әлеміне, ал 17 мың 181 теңгесі орман қорына келтірілген. Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы ескерту түріндегі 3 хаттама мен 2 қаулы, жалпы 5 әкімшілік материал құрастырды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар сот органдарының қарауына жіберілді.

«Мұндай рейдтік іс-шаралар табиғатты сақтауға және оның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бүкіл халықтың қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғаудың маңыздылығын түсінуі және табиғатты қорғауға бар күш-жігерін салуы маңызды. Өйткені, оны сақтау болашақ ұрпақтың кепілі болып табылады», – деп түйіндеді Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің басшысы Динали Айтхожин.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшыда су тасқынының салдарынан көшелерін жағымсыз иіс бойлауда

Көктемгі су тасқынына дайындық туралы аудан-қала әкімдері мен олардың орынбасарларының беріп жатқан есептеріне жүгінсек, облыс қызыл суға 100 пайыз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img