spot_img
Жұма, Сәуір 11, 2025
18.2 C
Kokshetau

Көкшетауда 48 кәсіпкер су бұру қызметтерін пайдалану үшін екі есе артық төлеуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті кәсіпкерлердің су бұру қызметтерін пайдалану үшін артық төлем фактілерін анықтады, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз орталығы.

Талдау барысында автоматтандырылған аппараттар арқылы ауыз су сатумен айналысатын Көкшетау қаласының кәсіпкерлері су бұру қызметтерін пайдалану үшін «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК-не екі есе артық төлейтіні анықталды. Орташа төлем айына 15 мың теңгені құрайды.

Су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес, егер бизнес субъектісінде ағынды суларды есептеу құралы орнатылған болса, онда ол осы құрылғының көрсеткіштері бойынша төлейді. Бұл ай сайын 7-8 мың теңге төлеуге мүмкіндік береді, өйткені іс жүзінде аппараттар ағынды сулардың барлық көлемін орталықтандырылған кәріз жүйесіне ағызбайды.

Алайда, монополиялық кәсіпорын су көлемін есептеуді осы таңдаудың құқығы туралы кәсіпкерлерге хабарламады, сәйкесінше олардың ешқайсысы есептегіштерді орнатпады.

Департамент «Көкшетау Су Арнасы» басшылығы мен бизнесмендердің қатысуымен кездесу ұйымдастырды, оның қорытындысы бойынша ауыз су сатушыларға су бұру қызметтері үшін ақы төлеудің құқықтары мен баламалы шарттары ресми түрде түсіндірілді.

Фото: admnvrsk.ru

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында «Серпін» өңірлік жобалық офисінің отырысы өтті

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде аймақтық «Серпін» жобасын жүзеге асыру бойынша Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаевтың төрағалығымен кезекті...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img