spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
13.2 C
Kokshetau

«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық байқауы жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін тарату, үздік кәсіби білім мен дағдыларға ие Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін айқындау және оларды ынталандыру жүйесін жетілдіру мақсатында «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық байқауын жариялайды.

Байқауға өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 15-30 сәуірі аралығында жүргізіледі. Қатысушылардан талап етілетін құжаттар тізімі:

1) Мемлекеттік органның ұсынымы;

2) Қызметтік тізім (өзектендірілген).

Құжаттарды gosslugba@mail.ru электрондық почтасына жолдау қажет.
Байқауға кемінде 3 жыл мінсіз мемлекеттік қызмет өтілі бар «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қатыса алады.

Байқау туралы барлық ақпарат, оның ішінде ұсынымның нысаны және басқа да қажетті мәліметтер Агенттіктің интернет-ресурсында жарияланды.

Қосымша сұрақтар бойынша 8 716 2 51 81 32 телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыздар. Мекенжайымыз: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87 ғимарат, 3 қабат (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті).

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекеттік тілді дамытуға сіңірген еңбегі үшін ақмолалық жас мұғалім «Шапағат» медалін иеленді

«Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мектебімізде Назерке деген оқуда озат, әрі белсенді, әрі көшбасшы оқушы болатын. Сол қызға қатты ұқсағым...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img