spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қор сарапшылары мониторинг кезінде медициналық ұйымдардың 52 мыңнан астам қабылдауды «қосып жазғанын» анықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыныңсарапшылары тегін медициналық көмектің кепілдікберілген көлемі және міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру аясында жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлемінетұрақты түрде мониторинг жүргізеді.

2022 жылғы мониторинг нәтижелеріне сүйенсек, қор сарапшылары 3 млн-нан астам кемшілікті анықтады. Салыстырар болсақ, 2021 жылы бұл көрсеткіш 1,9 млн-ды құраған еді. Оның ішінде 403,3 млн теңгеге 52 621 көрсетілмеген қызмет көрсетілді деп жазылған.

Олардың дені Астана қаласында (26 789 немесе 50,9%), Ақмола (5 774 немесе 11%) және Қызылорда (5 076 немесе 9,6%) облыстарында анықталды.

Медициналық көмек түрлеріне жіктеп айтсақ, жалған жазбалардың көбі жан басына шаққандағы кешенді нормативтен тыс консультациялық-диагностикалық қызметтерге тиесілі (52 621 немесе 99%). Қалған 508 қосып жазылған қызметтер келесі көмек түрлерінде кездеседі: амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек түріндегі мамандандырылған медициналық көмек (тәулік бойғы стационар), стационарды алмастыратын көмек, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту.

Жан басына шаққандағы кешенді нормативтен тыс консультациялық-диагностикалық қызметтер бойынша жалған жазбалар 297 медициналық ұйымда анықталған. Оның 180-і (60,6%) – мемлекеттік, 117-і (39,4%) – жекеменшік.

«Құқық бұзған» денсаулық сақтау субъектілеріне қатысты айыппұл санкциялары қолданылды.

Көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы тұрғысынан медициналық ұйымдардың міндеттемелері шарттық қатынастардың маңызды бөлігі болып саналады және Қор олардың орындалуын талап етуге құқылы.

Сондай-ақ Қор жеткізушілері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері аясында көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу аталған қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылатынын атап өткен жөн. Яғни, медициналық көмек көрсетудің стандарттары мен ережелерін, сондай-ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжатпен расталған ақылы қызметтер ғана төленеді.

Егер пациент жалған жазбаны өздігінен анықтаса, бұл туралы медициналық сақтандыру қорына хабарлауы қажет. Қордың fms.kz ресми сайтына, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы немесе 1406 телефонына хабарласып, шағым немесе өтініш қалдыруға болады.

 

Азамат Умертаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img