spot_img
Сейсенбі, Қазан 14, 2025
-2.7 C
Kokshetau

Республикалық М.Мақатаев оқулары облыстық кезеңінің қорытындылары белгілі болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 30-31 наурыз күндері аралығында 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық М.Мақатаев оқуларының онлайн облыстық кезеңі өткізілді.

Іс-шара оқушылар арасында шығармашылық қабілеттерін, талантын, эстетикалық талғамын анықтауға бағытталған.

Байқау 3 номинация бойынша өткізілді:
1. «Айтып өткен ақында арман бар ма?» – М.Мақатаев өлеңдерін жатқа оқу;
2. «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» – қатысушының өз шығармашылығынан (жинағынан) өз туындысын оқу;
3. «Жыр эстафетасы» – байқауға қатысушы үміткерлер «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек», «Алтай-Атырау» поэмаларын толық жатқа оқу.

Шығармашылық Байқауға Ақмола облысының жалпы білім беретін ұйымдарының 42 оқушысы қатысты.
Байқау соңында қатысушылар дипломдармен және грамоталармен марапатталды.

Облыстық турда I орын алған жүлдегерлер – олар «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша Серікбол Аружан, Ақкөл ауданы; «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» номинациясы бойынша Хайратбек Абдулла, Бұланды ауданы; «Жыр эстафетасы» номинациясы бойынша Батырбекова Шырын, Бурабай ауданы республикалық кезеңде облыстың намысын қорғайтын болады.

Құттықтаймыз! Жеңімпаздарға сәттілік!

«Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарының толық тізімін Ақмола облысы білім басқармасының ресми сайтынан көре аласыздар.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Автокөлік әуесқойлары интернет-алаяқтардың нысанасына айналды

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды әлемде...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика