spot_img
Сейсенбі, Қараша 26, 2024
-11.8 C
Kokshetau

Кәмелетке толмағандардың істерін қараудың қандай ерекшеліктері бар

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұл туралы Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Максат Акишев түсіндірді.

Қазақстанның тәуелсіздігі жылдары ішінде демократиялық және құқықтық мемлекеттің сұранысына сай келетін құқық қорғау жүйесі қалыптасып, тұтас алғанда тиімді жұмыс істеп келеді.

Сонымен қатар мемлекеттің құқық қорғау қызметін одан әрі дамытуды және жетілдіруді талап етеді. Осыған байланысты бұл қызметтегі басты басымдық мыналар болуға тиіс: қылмысқа қарсы күрес, заңдылықты және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау, мемлекеттің кез келген құқық бұзушы­лыққа жауап әрекетінің бұлтартпаушылығын қамтамасыз ету, қылмыстарды жылдам әрі толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмысқа қарсы күресте азаматтармен өзара іс-қимылдар жасасу.

Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтық тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.

Құқықтың тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістеріне сүйенеді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді.Оқушы өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның өзі оның көбіне көп құқықтық тәрбиені бұзуына әкеліп соқтырады.

Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен қүтқармайды. Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі – орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.

Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз – орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты білімдерімен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.

Балалар –еліміздің болашағы.Тек балалар үйінің тәрбиеленушілері ғана емес, қарапайым отбасы балалары да зорлық көруде.Барша адамның жауына айналған алкогольді ішімдіктер көптеген адамдарға зардабын шектіруде.Ішімдікке масайған ата-ана, балаларын қараусыз қалдырып, оларға қол жұмсап, тағдырдың тәлкегіне салуда.Өмір есігін аша сала далада қалатындар да аз емес.Өкінішке қарай,кейбір аналар жаңа туылған сәбилерін далаға тастап кетуде.Әрине, өз құрсағынан шыққан баланы далада қалдырып, өз  болашағымен қоса бала болашағына да  балта шабуда.Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынасы, іс-әрекеті,әдет-ғұрып, салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана-сезімін, мінезін қалыптастыратын тәлімдік мұра.Отбасында  ата-ананың мінез құлқы- баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысана.Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге,қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді.Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен туындайды. Балалар құқығын қорғау егемен еліміздің асыл құндылықтарының бірі.Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек.Балаларға қамқорлық жасап, абырой, құқықтарын құрметтеу, тек, мемлекеттің ғана емес, сонымен  қатар, жекелеген әрбір адамның міндеті.

Жаңа ғасыр талабы тәрбиеде кеткен ағаттықтың салдарын саралауға емес, қоғамдық орта ықпалымен қалыптасатын адами қасиеттерді ұлықтауға, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алуға, ең бастысы, баланың қоғамдағы орнын түсіне отырып, кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғауға бағытталуға тиіс.Отбасының рөлі төмендеген кезде бала сыртқы ортаның әсеріне бейім болады.Дала мен өзге орта ережелері басымдық алғанда, ата-ананың тәлімі азайып, абырой-беделі кеми бастайтыны шындық.

Әрбір отбасындағы қақтығысты және оған байланысты қылмыстарды алатын болсақ-қылмысты нақты адам жасайды, бірақ барлығы отбасынан басталады.Бұл дегеніңіз қоғаммен қым-қиғаш байланыста болатын әрекеттер.Отбасының әрбір мүшесі жеке дара тұлға болып табылады.Тәжірибе көрсетіп отырғандай, маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік сияқты келеңсіз қылықтар көшемен, тұрмыспен және  бос уақыттың болуымен, кейбір жұмыс және оқу орындарымен байланысты болатыны да белгілі.Олар зорлық-зомбылық сияқты қысымдардың бастамасын өз отбасыларынан, тәрбие алып отырған ортасынан алатыны да бәрімізге аян. Мәселен кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстардың себептері мен жағдайларын анықтау, оларды жасаған адамдарды зерделеу үшін алдымен болған оқиғаға қатысты мән-жайларды жан-жақты тексерген дұрыс.Одан әрі қарай сақтандыру шараларын қарастыру мақсатында отбасының өзін, туыстарын, араласатын орталарын танып, білген жөн деп есептеймін.

Азаматтық   істер қарау барысында  кәмелетке толмаған куәлар  айғақ беру үшін  өте  қажет болған жағдайда шақырылады. Заңға сәйкес  кәмелетке толмаған куәдан  сот жауап алған кезде  оның жасын, дамуын және мінез-құлық ерекшеліктерін ескеру қажет. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған    куәнің  іске қатысты мән-жайларды толық қанды түсінгеніне баға беру қажет. Кәмелетке  толмаған куәнің берген жауаптары шындыққа сәйкес келе ме жоқпа оны да бағалаған жөн.

Қолданыстағы Азаматтық  процестік кодекстің  206 –бабында  кәмелетке толмаған куәдан жауап алу тәртібі көзделген, яғни он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрттен он алты жасқа дейінгі куәдан жауап алу сотқа шақырылатын педагогтың және заңды өкілдердің қатысуымен жүргізіледі. Көрсетілген адамдар төрағалық етушiнiң рұқсатымен куәға сұрақтар қоя алады, сондай-ақ куәның жеке басына және оның берген айғақтарының мазмұнына қатысты өз пiкiрiн айта алады.

Iстiң мән-жайларын анықтау үшiн қажет болатын ерекше жағдайларда, кәмелетке толмаған куәдан жауап алынған уақытта iске қатысушы қандай да өзге адам сот отырысының хаттамасына енгізілетін сот ұйғарымы бойынша сот отырысы залынан шығарып жіберілуі мүмкiн. Осы адам отырыс залына қайта келгеннен кейін оған кәмелетке толмаған куәның айғақтарының мазмұны хабарлануға және куәға сұрақтар қою мүмкiндiгi берiлуге тиiс.

Он алты жасқа толмаған куә, сот бұл куәны сот отырысы залында болуы қажет деп таныған жағдайларды қоспағанда, одан жауап алу аяқталған соң сот отырысы залынан шығарылады.

Бұл бапта,  кәмелетке толмаған куәдан  жауап алу кезінде  педагогтың және заңды  өкілдің міндетті түрде  қатысуын атап көрсеткен.

Педагог және заңды өкіл  кәмелетке толмаған куә шын айғақ беру үшін  сот отырысында жағымды жағдай жасау үшін шақырылады, өйткені педагог және заңды өкіл  дер кезінде  кәмелетке толмаған куәні тыныштандыра алады, қорқынышын баса алады және ұялуын  тоқтатып сотқа барлық шындықты айтуына ықпал етеді. Он төрт  жасқа толған куәдан жауап алу кезінде  сот  мына  жайды еске алуы қажет, яғни  от төрт жасқа  толған куә, өзінің  дамуы жағынан  он үш жастағы  жасөспірімнен айырмашылығы болмауы мүмкін. Сондықтан  он төрт  жасқа толған куәдан жауап алған кезде сот оның  қаншалықты дамығанына және даму деңгейі  өзінің жасына сай келеме соны ескергені жөн. Себебі,  жоғарыда аталған баптың талабына сай, он төрттен он алты жасқа дейінгі куәдан жауап алу соттың қалауы  бойынша сотқа шақырылатын педагогтың және заңды өкілдердің қатысуымен жүргізіледі.

Егерде, он төрт  жасқа толған куә  өзінің дамуы жағынан  он үшке толған куәдан айырмашылығы болмаса, ал осы  кәмелетке толмаған куәдан  жауап алу кезінде педагогтың немесе заңды өкілдің қатысуынсыз жүргізілсе  іске қатысты маңызды мән-жәйлар   айтылмай, сәйкесінше  шындық ашылмай қалуы мүмкін. Педагог, заңды өкіл, заңды өкіл ретінде қатысып отырған ата-анасы, асыраушысы және қамқоршысы  кәмелетке толмаған  куәға сотта  төрағалық етушінің рұқсатымен   сұрақ қоя алады. Аталған тұлғалар кәмелетке толмаған куәнің  жеке басына  қатысты пікірлерін айта алады және оның берген айғақтарының мәнін сотқа түсіндіріп бере алады.Аталған тұлғалардың кәмелетке толмаған куәлардан жауап алу кезінде қатысуы іс бойынша шындықты анықтауға септігін тигізеді.

Ал,қылмыстық  істерді қарау кезінде  кәмелетке толмаған жәбірленуші мен куәдан жауап алу  ерекшеліктері ҚПК-тің
371-бабында көзделген.

Кәмелетке толмаған жәбiрленушiден, куәдан жауап алу ерекшелiктерi.

Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде оның заңды өкiлдерi мен педагог қатысады. Көрсетілген адамдар төрағалық етушiнiң рұқсатымен жәбiрленушiге және куәға сұрақтар қоя алады.

Он алты жасқа толмаған жәбiрленушiден, куәдан жауап алудың алдында төрағалық етушi оған шын және толық айғақтардың iс үшiн маңызын түсiндiредi. Көрсетілген адамдарға олардың айғақтар беруден бас тартқаны және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн жауаптылығы туралы ескертілмейді және олардан қолхат алынбайды.

Тараптардың өтiнiшхаты немесе соттың бастамасы бойынша кәмелетке толмаған жәбiрленушiден және куәдан жауап алу сотталушының қатысуынсыз жүргiзiлуi мүмкiн, сот бұл туралы қаулы шығарады. Сотталушы сот отырысының залына қайтып келгеннен кейiн оған кәмелетке толмаған жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтары жария етiледi, жәбiрленушiге, куәға сұрақ қою және олардың айғақтарына орай өз айғақтарын беру мүмкiндiгi берiледi.

Сот он сегiз жасқа толмаған жәбiрленушiнің, куәның әрi қарай қатысуы қажет деп таныған жағдайлардан басқа, олар өздерінен жауап алу аяқталғаннан кейiн сот отырысы залынан шығарылады.

Егер тергеу судьясы кәмелетке толмаған жәбірленушілердің және куәлардың сотқа дейінгі іс жүргізу барысында берген айғақтарын сақтауға қойған болса, оларды сот отырысына шақыру және жауап алу жүргізілмейді.

Бұл кезде де, педагог және заңды өкілдің  қатысуын  қылмыстық процестік кодексте міндетті деп көрсетілген. Сонымен қатар,  он алты жасқа толмаған жәбiрленушiден, куәдан жауап алудың алдында төрағалық етушi оған шын және толық айғақтардың iс үшiн маңызын түсiндiредi. Көрсетілген адамдарға олардың айғақтар беруден бас тартқаны және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн жауаптылығы туралы ескертілмейді және олардан қолхат алынбайды. Кәмелетке  толмаған жәбірленуші мен куәдан жауап алу кезінде  сотталушының қатыспайтындағы да көрсетілген.

Қылмыстық заң  кәмелетке толмағандардың  жеке басының ерекшеліктерін, оларға қатысты  қылмыстық жазаның жазалау күшін біршама шектеуді қарастырады.

Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық кодексінің 81- бабында кәмелетке толмағандарға  тағайындалатын жаза түрлері көрсетілген.Олар  белгілі  бір қызметпен  айналысу құқығынан айыру, айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға  тарту, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру.

Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық кодексінің 52 бабының 1-бөлігінде «Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп танылған адамға Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында белгіленген шектерде және Қылмыстық кодекстің жалпы бөлігінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады» деп көрсетілген.Жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің бұл ережелері қоғамдық заңдылықты сақтаудың маңызды кепілі болып табылады немесе  сотталған  адамға жаза тағайындауда заңның маңызды рөлін көрсетеді.Осы бапта  көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы негіздері кәмелетке  толмағандарға жаза тағайындауда  да  ескеріледі.

Қазақстанда кәмелетке толмағандардың ауытқуларына қарсы әрекет жүргізумен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімдер, сот, прокуратура, қорғаншылық және қамқоршылық органдары, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және сауықтыру орталықтары шұғылданады.Қылмысқа қарсы іс-қимыл-бүкіл қоғамның, оның барлық институттарының міндеті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда  «Ер намысы — Ел намысы – 2024» қалалық байқауы өтті

"Достар" мәдениет сарайында погондағы ер азаматтар арасында "Ер намысы — Ел намысы-2024" атты қалалық байқауы өтті. Жыл сайын өткізілетін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img