spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 13, 2024
15.2 C
Kokshetau

Көкшетауда «Салем» халықаралық комедиялық театр фестивалі басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда тұңғыш рет «Сәлем»  халықаралық комедиялық театр фестивалі өтіп жатыр. Фестиваль көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына және 27 наурызда атап өтілетін Халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылды.

31 наурызға дейін Көкшетау тұрғындары қазақстандық ғана емес, шетелдік театр ұжымдарының қойылымдары мен өнерін тамашалай  алады. Ш. Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының сахнасында Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген актерлер өздерінің эксклюзивті және бірегей спектакльдерін көрермен назарына ұсынады. Оларды Әзербайжан мен Түркиядан арнайы шақырылған театр зерттеушілері бағалайды. Ұйымдастырушылар атап өткендей, фестивальдің басты мақсаты – шығармашылық тәжірибе алмасу және театрлар арасындағы байланысты нығайту.

«Барлық спектакльдер тек комедиялық жанрда болады. Сонымен бірге шеберлік сыныптары мен кездесулер өткізіледі. Мұның бәрі актерлер мен көркемөнер ұжымдарының тәжірибе алмасуы, бір – бірімен танысуы үшін жасалады»,-деп атап өтті Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының бөлім меңгерушісі Манарбек Қыдырбай.

 

Шетелдік қонақтар да эмоцияларын жасырмады. Олар Көкшетаудың әдемі табиғаты, оның тұрғындарының мейірімділігі мен ізгі ниеті және фестивальдің жақсы ұйымдастырылуы оларды таң қалдырғанын атап өтті. Сондықтан Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген театр актерлері Көкшетау көрермендеріне өздерінің ең үздік театр қойылымдарын ұсынады.

«Біз мұнда «Алтын күлкі» қойылымын дайындап әкелдік. Бұл Абдалл Қадыр шығармасын негізге ала отырып жазылған қойылым. Фольклорлық, музыкалық, күлкілі және қызықты қойылым. Көкшетаулық көрермендерге ұнайды деп ойлаймын. Жалпы, бізге бұл жер де өте қатты ұнады. Ашылғаннан бері ерекше атмосфера сезіледі», – деп бөлісті Өзбек мемлекеттік «Тұран» әскери театрының көркемдік жетекшісі Сайфиддин Мелиев.

Сонымен қатар, шетелден алғаш келген қонақтар Көкшетау жұртының қонақжайлығы мен қаланың көркем келбетін тілге тиек етті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жеңіс күніне орай ардагерге құрмет көрсетілді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен депутат Саят Сыздықов тыл еңбеккері  Ксения Петровна Тюменцеваны Жеңіс күнімен құттықтады. Зеренді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img