spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Қазақстанда міндетті бейнебақылау ережелері қабылданды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда міндетті бейнебақылау ережелері қабылданды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылғы 27 ақпанда Бас прокуратураның бастамасы бойынша қылмыстық қудалау органдары полицияның пенитенциарлық мекемелері мен қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ құқық қорғау органдарының барлық жедел-тергеу бөлімшелерінде бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеу (жарақтандыру және пайдалану) қағидаларын бекіткен.

Бейнебақылау жүйелері жеке гигиена орындарын қоспағанда, келушілердің жүру маршруттары мен режимдік кабинеттерді де қамтиды. Нақты уақыт режимінде бейнежазбаларды қашықтан қарауға және бұзушылықтардың жолын кесу жөнінде жедел шаралар қабылдауға құқығы бар адамдардың тізбесі қалыптастырылды. Бұл шаралар Қазақстан ратификациялаған азаптауға қарсы халықаралық актілерге сәйкес келеді және тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін болдырмауға бағытталған.

«Бейнежазбаларды адвокаттар, жәбірленушілер, күдіктілер, айыпталушылар, сот және басқа органдар дәлел ретінде пайдалана алады. Органдар басшыларының бейнебақылау жүйелерінің жарамдылық жай-күйін қамтамасыз ету, пайдаланудың материалдық-техникалық қамтамасыз ету және бейне архивтің сақталуы үшін тікелей жауапкершілігі көзделген. Қағидалар Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленді, бұл азаматтардың құқықтарының бұзылуына қарсы іс-қимыл жөніндегі тағы бір пәрменді тосқауылға айналды», – делінген хабарламада.

Фото: tengrinews.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img