spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
16.2 C
Kokshetau

Әскери полицейлердің қызметіне өзгерістер енгізілмек

Сондай-ақ...оқыңыз

Сенат депутаттары Асқар Шәкіровтың төрағалық етуімен өткен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Әскери полиция органдары туралы» заңды қарады, деп хабарлайды «Aqmolanews» Сенатқа сілтеме жасап.

Заңның негізгі мақсаты – әскери полиция органдарының қызметін жетілдіру болып табылады. Онда әскери полиция органдарының міндеттері мен құзыреттерін, құрылымы мен өкілеттіктерін айқындайтын, сондай-ақ қазіргі кезде жүзеге асып жатқан функцияларды заңнамалық бекіту жөнінде өзгерістер көрсетілген.

Заң әскери полиция органдары қызметшілерінің дене күшін, арнайы құралдарды, қаруды қолдануын, сондай-ақ олардың жеке құрамы мен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейді.

Жаңа құжат әскери полиция органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, ескерту, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ қамауға алу, әкімшілік қамауға алу және де әскери қызметшілерді қоғамнан уақытша оқшаулаудың өзге де шаралары түріндегі жазаны орындау бойынша міндеттерді жүктейді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

gov.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img