spot_img
Сейсенбі, Сәуір 14, 2026
8.2 C
Kokshetau

Қасым-Жомарт Тоқаев «Родина» агрофирмасының бас директорын қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэрді қабылдады, деп хабарлайды «Aqmolanews» Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Иван Сауэр Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық ауыл шаруашылығы ғылымын кешенді түрде жаңғырту туралы ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ еліміздің ауылдық аумақтарын дамытуға қатысты өзінің көзқарасын жеткізді.

Мемлекет басшысы дамыған инфрақұрылымымен және тұрғындарды барынша жұмыспен қамтуымен ерекшеленетін «Родина» ауылы үлгілі елді мекен саналатынын атап өтті.

Президент мемлекет тарапынан ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыруға айрықша көңіл бөлінетініне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл халқының еңбек өнімділігі мен жұмыспен қамту көрсеткіштерін арттыруға, сондай-ақ ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру үшін бизнес-қоғамдастықпен бірлесе әрекет ету қажет екеніне назар аударды.

Фото: akorda.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көрінбейтін майданның қаһармандары: Ақмола облысында ТКШ қызметкерлері күні аталып өтуде

16 сәуір – күнделікті өмірімізді жайлы әрі тұрақты ететін, бірақ еңбегі көбіне көзге көріне бермейтін жандарды еске алатын ерекше...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика