spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Құстардың ұшақтарға соғылуы: Жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін комитет құрылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Сондай-ақ, ИИДМ жанында құстар мен өзге де жануарлар тудыратын проблемалар жөніндегі кеңес жұмыс істейді.

Қазақстанда «Азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа түзету енгізу жоспарланып отыр. Аталған түзетуге сәйкес, әуе кемесін құстар мен жануарлардан қорғау мақсатында комитет пен арнайы кеңес құрылады. Бұйрықтың жаңа мәтіні «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

ҚР ИИДМ мәліметінше, азаматтық авиацияда әуе кемелерінің құстармен және өзге де жануарлармен соқтығысу ықтималдығын төмендету мақсатында уәкілетті ұйымның жанынан құстар мен өзге де жануарлар тудыратын проблемалар жөніндегі кеңес құрылады.

Кеңестің міндеттері:

  • азаматтық әуе кемесінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;
  • әуе айлақтарында және оларға іргелес аумақтарда құстар мен өзге де жануарларды бақылау саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер туралы ақпарат жинау және алмасу;
  • халықаралық стандарттарға негізделген Қазақстанда азаматтық әуе кемесінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу;
  • жаңа технологияларды ескере отырып құстар мен өзге де жануарларды бақылау жөніндегі персоналды даярлау стандарттарын талқылау;
  • азаматтық әуе кемелерінің құстармен және өзге де жануарлармен соқтығысу жағдайлары туралы ақпарат алмасу.

«Кеңес құрамына құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару саласындағы сарапшылар, сондай-ақ өкілдер кіреді. Олар: уәкілетті ұйым, әуе айлақтарын пайдаланушылар, әуе кемелерін пайдаланушылар», – делінген бұйрықта.

Мұнымен қатар, министрлік құстар мен өзге де жануарларды бақылау жөніндегі қызметті ұйымдастыру үшін әуежай комитеті құрылатынын мәлімдеді.

«Әуежай комитеті әуе айлағынд және іргелес аумақта құстар мен өзге де жануарлардың соқтығысуы мен мінез-құлқын бақылау жағдайлары туралы жиналған деректерді және ақпаратты қарайды, құстар мен өзге де жануарлар тудыратын тәуекелдерді талдайды және құстар мен өзге де жануарларға байланысты мәселелердің салдарын азайту мақсатында үрдістерді қадағалайды, бағдарламаның тиімділігін және оны қайта қарау қажеттігін бағалайды», – делінген бұйрықта.

Мұнымен қатар, комитет қауіпті құстар мен жануарлар санының көбеюіне қатысты зерттеулер жүргізеді.

 

 

Ақпарат пен фото «informburo.kz» сайтынан алынды

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img