spot_img
Сәрсенбі, Қазан 29, 2025
5.3 C
Kokshetau

Сайлау: Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төралқасы мәлімдеме жасады

Сондай-ақ...оқыңыз

19 наурызда өтетін Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына орай, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төралқасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Aqmolanews» партия сайтына сілтеме жасап.

«Біз, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – еліміздегі саяси өзгерістер үшін күресуге дайын жалғыз оппозициялық күшпіз. Өткен парламенттік сайлау науқанында дауыс берудің әділ өтуіне күмән келтіріп, өз кандидаттарымызды ұсынбай, сайлауға бойкот жариялауды шештік. Енді жағдай өзгерді, заңнамалық шарттар мен билік жүйесінің өзі өзгерді. Сондықтан да, еліміздің болашағы алдындағы жауапкершілікті түсіне отырып, біздің партия алдағы сайлау науқанына қатысу туралы шешімін қабылдады.

Біз сайлауға қоғамда жылдар бойы жиылған мәселелерді шешу, азаматтардың құқықтарын кеңейту және саяси жүйені демократияландыру мақсатында қатысамыз», – делінген мәлімдемеде.

Айта кетсек, кеше «AMANAT», «Ақ жол» және «Қазақстан халық партиясы» да үндеу жариялаған болатын. Сондай-ақ, «Ауыл» партиясының төрағасы да мәлімдеме жасады.

Еске салсақ, 19 қаңтарда Мемлекет басшысы жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызға белгіленді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдеме жасады.
Фото: osdp.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Халық заңгері»: 31 қазанда қазақстандықтар тегін құқықтық кеңес ала алады

«Халық заңгері» акциясының ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік органдар, Zakon.kz интернет-басылымы, PRG ақпараттық жүйесі, Prosud.kz интернет-басылымы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика