spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.2 C
Kokshetau

Көктемде Тәжікстаннан Қазақстанға 6 мың тонна пияз жеткізіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Тәжікстаннан Қазақстанға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу туралы келісімдер жасалды, деп хабарлайды «Aqmolanews» «QazTrade» cауда саясатын дамыту орталығына сілтеме жасап.

Қазақстандық бизнес-делегация мен сауда желілерінің өкілдері отандық нарыққа ауылшаруашылығы өнімдерін жеткізу туралы келісімдер жасауға Тәжікстанға жұмыс сапарымен барды.

«Хатлон облысы төрағасының міндетін атқарушы Давлатали Саидпен кездесуде Қазақстанға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мәселелері талқыланды. Нәтижесінде маусымаралық кезеңде 6 мың тонна көлемінде ерте піскен пиязды кепілдендірілген түрде жеткізу келісімдеріне қол қойылды. Тәжік тарапы бұл өнімдерді теміржол арқылы тасымалдауға тарифтік жеңілдік жасап отыр», – деді «QazTrade» cауда саясатын дамыту орталығының бас директоры Нұралы Бөкейханов.

Сондай-ақ, спикер Қазақстанға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізудің қосымша көлемі пысықталып жатқанын айтты.

Жұмыс сапарында қазақстандық бизнес-делегация пияз егілген алқаптарды қарап шықты. Тәжікстанның ауылшаруашылығы өндірушілері сапалы өнімді уақтылы жеткізуге уәде беріп отыр. Хатлон облысында пияз жинау сәуір айының ортасында басталады. Бұл әлеуметтік маңызы бар өнім қазақстандық сөрелерге сәуір айының соңы мен мамыр айының басында түседі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазақстандықтар айына шамамен 25-30 мың тонна пияз тұтынады. Қазіргі уақытта елімізде осы өнімнің қоры – 152,4 мың тонна.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда пиязға ішкі сұранысты қамтамасыз ету мақсатында көршілес елдерден ауыл шаруашылығы өнімінің жаңа өнімі түскенге дейін үш ай мерзімге экспортқа уақытша тыйым салынады.

Айта кетейік, Қазақстаннан пияз экспорттау үш айға тоқтатылды. Фермерлер үшін пияз экспортына тыйым салудың жағымсыз салдарын азайту мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден пиязды ӘКК арқылы тұрақтандыру қорларына, сондай-ақ сауда желілері арқылы айналым схемасы арқылы сатып алудың түрлі тетіктері іске асырылып жатыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img