spot_img
Сенбі, Шілде 4, 2026
19.4 C
Kokshetau

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 718,3 мыңнан астам адам қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға былтыр 718,3 мың адам қатысты, деп хабарлайды «Aqmolanews» Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 435,2 мың адам жұмысқа орналасқан, оның 346,6 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылды. Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 13,9 мың адам жіберілді. Өз кәсібін бастау үшін 21,7 мың адам мемлекеттік грант алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 172,8 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 14,7 мың, жастар практикасымен 28,8 мың, қоғамдық жұмыстармен 121,8 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 3,9 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 551 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 3,1 мың адам жұмыспен қамтылды.

Сондай-ақ, қызмет саласын таңдау мақсатында 146,1 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Фото: gov.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың жеке деректерін қорғауды мемлекеттің басты басымдықтарының бірі ретінде бекітті. Енді әр адамның жеке өмірінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика