spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.2 C
Kokshetau

Президент «Соколов» кен орнының жұмысымен танысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Өңірге жұмыс сарапы барысында Президент «Соколов-Cарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» (ССКӨБ) акционерлік қоғамына барып, Соколов кен орнының жұмысымен танысты. Бұл туралы Aqmolanews Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысына ССКӨБ кәсіпорнының Еуропаға экспортталатын өнімдерін кеңейту жоспары туралы мәлімет берілді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері – темір рудаларын ашық және жер астында өндіру, құрамында темірі бар шекемтастар мен концентраттар және тауарлық доломит өндіру. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 26 миллион тонна кен өндірілді, тауар өнімінің көлемі 10 миллион тоннадан асты.

Кен орнында Президентке «Еуразиялық топ» ЖШС-нің басқарма төрағасы Серік Шахажанов ыстық брикеттелген темір өндірісі жобасын және кен орнын басқарудың автоматтандырылған жүйесін таныстырды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына «Соколов-Cарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің» Еуропаға экспорттайтын өнімдерін ұлғайту жоспары туралы мәлімет берілді.

Президент тау-кен өндіру секторы отандық экономиканың өсімін артыратын негізгі саланың бірі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы тау-кен өндіру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін кәсіпорын жұмысшыларына алғыс айтып, жұмыстарына табыс тіледі.

Фото: akorda.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img