Қылмыс 29 қазанда “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды, – деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Бұланды аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторларымен Журавлев ауылдық округінің аумағында рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде 67 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы “ИЖ-Юпитер 5” мотоциклі тоқтатылды.
Құжаттар мен көлік құралын тексеру кезінде полицейлер мотоцикл арбасынан екі кликун – аққудың ұшасы және 12 калибрлі “ТОЗ 34” тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын тапты. Айта кету керек, қару ІІО-да тіркелген, сонымен қатар ауыл тұрғынының тиісті аңшы куәлігі бар.
Ақмолалықтың айтуынша, Қызыл кітапқа енгізілген аққуларды атуға тыйым салынғанын ол білген, алайда құстарды көргеннен кейін оларды атып өлтірген. Бұл факт ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді (Заңсыз аң аулау). Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер аймақта суда жүзетін құстарды аулауға тыйым салынғанын ескертеді. Кликун – аққу саны азайып бара жатқан түр ретінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.