spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.5 C
Kokshetau

Ақмола облысында қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау шаралары түсіндірілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Адал көмек» жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті азаматтарды әлеуметтік мәселелер бойынша қабылдау және оларға кеңес беруді ұйымдастырды. Қабылдау Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменті басшылығының қатысуымен өтті, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара барысында тұрғындар зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттаманы ұсыну рәсімі, медициналық-әлеуметтік сараптама, мүгедектерді оңалту және оларға жеңілдіктер беру, инватакси қызметтерін көрсету, қарттар мен мүгедектерге арналған азық-түлік жиынтығын ұсыну мәселелері бойынша жүгінді.

Мәселен, құзыретті орган өтініш білдірген азаматтарға зейнетақы мен мүгедектік бойынша жәрдемақылар бюджет қаражаты есебінен Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес тағайындалатынын түсіндірді. Сондай-ақ оларға зейнетақыны ресімдеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі берілді.

Қаланың тағы бір тұрғыны қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында азық-түлік жиынтығын алуға қатысты өтініш білдірді. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің басшылығы азық-түлік жиынтығын ұсыну үшін Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық актілерді тіркеу бөліміне азаматшаның байланыс деректерін берді.

Қабылдау барысында азаматтардан түскен барлық мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берілді.

«Адал көмек» жобасын ұйымдастырушылар атап өткендей, әсіресе азаматтардың әлеуметтік қорғалмаған санаттары заң көмегіне және түрлі құқықтық мәселелерді шешуге мұқтаж. Осы тұрғыда жоба шеңберінде азаматтарды қабылдау және кеңес беру айына екі рет әлеуметтік нысандар базасында жүргізіледі. Анонстар облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ресми сайтында, БАҚ және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img