spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.6 C
Kokshetau

Ақмола облысы жәрмеңкеге 850 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін әкелді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін елордада Ақмола облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана Арена» спорт кешенінің жанындағы алаңда өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шамамен 650 миллион теңге сомасына 850 тоннадан астам өнім ұсынды. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары азық-түліктің 50-ден астам атауын нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен бағамен сатып алуда. Мысалы, мұнда сиыр еті 2300 теңгеден, жұмыртқа 48 теңгеден, картоп 100 теңгеден сатылуда.
Жалпы, фермерлер жәрмеңкеге 200 тоннаға жуық ет және шұжық өнімдерін, 100 тоннаға жуық сүт және сүт өнімдерін, 13 тонна балық, 1 миллион дана жұмыртқа, 25 тоннадан астам ұн, 200 тонна картоп, 100 тоннаға жуық көкөніс, 8 тоннадан астам кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін, сондай-ақ басқа да азық-түлік өнімдерін әкелді.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеевтің айтуынша, елорда тұрғындарына өңірдің өнімдері өте танымал.

«Өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз өнімдерін елорда базарларына үнемі жеткізіп отырады. Астаналық тұрғындарға Көкшетау қаласы мен Целиноград ауданының сүт, шұжық өнімдері, жұмыртқа және тағы да басқа өнімдер ұнайды», – деп атап өтті Малғаждар Тәткеев.

Астана қаласының тұрғыны Ғалия Марқабаева жәрмеңкеге таңертеңнен бастап сүйікті тауарларын жағымды бағамен сатып алу үшін келді.

«Ақмола еті өзінің дәмімен танымал. Бүгін мен сиыр етін 2300 теңгеден сатып алдым. Мұндай жәрмеңкелер отбасылық бюджетті жақсы үнемдейді», – деп бөлісті тұрғын.

 

«Біз тауық етін әкелдік. Әсіресе таңертең тауық етіне сұраныс көп. Біз бәрін өндірушінің бағасымен сатамыз», – дейді Бұланды ауданының құс фабрикасының өкілі Илья Ильин.

Айта кетейік, Ақмола облысы елордадағы өңірлік жәрмеңкелер циклін аяқтайды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img