spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облысының 90-нан астам мүмкіндігі шектеулі азаматы жұмысқа орналасқан

Сондай-ақ...оқыңыз

Ержан Набиев 1994 жылдың 11 қарашасы күні Қостанай облысына қарасты Арқалық қаласында дүниеге келген. Туа біте дәрігерлер азаматқа үшінші топтағы мүгедек диагнозын бекіткен. Дерті- қант диабеті. 1999 жылы жанұясымен Көкшетау қаласына көшіп келеді. Тағдыр тәлкегіне дес бермеген, жігерлі Ержан 2015 жылы Көкшетау қалалық жоғарғы техникалық колледжін «техник-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған. Дипломын қолына ала салып жас маман жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгініп, тиісті тізімге аты-жөнін еңгізіп кеткен. Табылған жұмыстардың ешқайсынан бас тарпай, тыңбай еңбек етуге тырысқан. Денсаулығына байланысты орын алған біраз үзілістен кейін, биылғы жылдың тамызында Ақмола облыстық жұмыспен қамту орталығы азаматқа қолайлы жұмыс ұсынған көрінеді. Қажетті құжаттар мен медициналық анықтамаларын жинап, күздің алғашқы күнінен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалында жұмыс істейді.

«Жаңа жұмысым өзіме ұнайды. Жалақысы тұрақты. Әріптестерім де өте жақсы адамдар. Физикалық күш жұмсаудың қажеті жоқ. Жұмыспен қамту орталығы денсаулығымды ескере отырып өте қолайлы жұмыс орнымен қамтамасыз етті. Еңбек етіп, нан табуға, отбасыма қаржылай қолдау көрсетуге мүмкіндік болып тұрса, неге қол қусырып отыруым керек?»,-дейді Ержан Набиев.

Шынымен де, көпке үлгі болар жағдай. Тағдыр тәлкегіне дес бермей, еліне қызмет етуге ұмтылған жандар бүгінде кем де кем. Биыл мүмкіндігі шектеулі 90-нан астам көкшетаулық жұмыспен қамтамасыз етілді. 32 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілсе, мүмкіндігі шектеулі 61 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды, оның ішінде 32 адам өз бетінше жұмыс тапқан. Қала тұрғындарының біраз бөлігі білім беру саласында еңбек етіп жүр.
Көкшетау қаласының әкімдігі квота белгілеп, мүмкіндігі шектеулі қала тұрғындарын міндетті түрде жұмысқа қабылдауға тиіс ұйымдарды анықтады.
Жұмыспен қамту орталығында мүгедектік тобы бар 44 жұмыссыз азамат есепте тұр, оның ішінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 7 адам жіберілді. Бұған дейін «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік біліктілікке оқытудан 13 адам өтіп, өз бизнесін ашуға гранттар алу мүмкіндігіне ие болды. Тағы 4 адам жеке кәсібін дамыту үшін 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік грант алды.
Мемлекет пен облыс әкімдігі тарапынан көп мүмкініктер берілген. Тек ізденіп, аянбай еңбек етіп, ел дамуына үлес қосуымыз керек деп толықтырды кейіпкер.

Камила Әбделманова
Фото кейіпкердің жеке мұрағатынан

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img