Қазақстанның халық әртісі Гүлнәфіс Баязитованың 105 жылдығына арналған «Ғасырлардан жеткен үн» облыстық қобызшылар байқауының жүлдегерлері марапатталды, деп хабарлайды Ақмола облысының мәдениет басқармасы.
Байқауға Ақмола облысының қалалары мен аудандарынан үздік қобызшылары қатысты. Өнер байқауының қорытындысы бойынша орындар келесідей анықталды:
Ұйымдастыру алқасының диплом және естелік сыйлықпен Айнакөз Нұрташ – Зеренді ауданы, Рабиға Стыбаева – Аршалы ауданы, Сабина Жалмағанбетова – Ерейментау ауданы, Аружан Тимур – Көкшетау қаласы, «Ақ-бұлақ» қобызшылар ансамблі – Ерейментау ауданы марапатталды.
– 3-ші дәрежелі диплом және бағалы сыйлықпен Айжан Бешембаева – Целиноград ауданы;
– 2-ші дәрежелі диплом және бағалы сыйлықпен Әйгерім Ахметжанова – Көкшетау қаласы;
– 1-ші дәрежелі диплом және бағалы сыйлықпен Баян Рахимжанова – Целиноград ауданы;
– Бас жүлде және бағалы сыйлықпен Назгүл Төлетаева – Астрахан ауданы марапатталды.
Қобыз жанрын насихаттау арқылы төл аспабымыз – қобызға деген қызығушылықты арттыру, Гүлнәфіс Баязитованың орындаушылығын халыққа кеңінен насихаттау, қобызшылардың репертуарындағы шығармаларын толықтыру, дарынды жастарды анықтау, оларды ынталандыру, өнерін дамыту мақсатында Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығымен тұңғыш рет «Ғасырлардан жеткен үн» облыстық қобызшылар байқауы ұйымдастырылды.
Байқау жүлдегерлерін құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!