spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
5.5 C
Kokshetau

Көкшетауда Юрий Поповтың жеке шығармашылық көрмесі өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

14 қыркүйек күні Әдебиет және өнер музейінде Ақмола облысы Суретшілер одағаның төрағасы, «Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері», «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» мүсінші, суретші, ұстаз, профессор Попов Юрий Григорьевичтың жеке шығармашылық көрмесі өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.

Жігерлі талап пен талмас еңбектің нәтижесі әрқашан қуанышқа толы, жарқын жолға бастайтын көпшілікке үлгі ету арқылы көрермендерді өнегелі өнерге, еңбек жолына шақыратын бастама. Биыл 75 жас мерейтойын тойлаған өнер иесінің шығармашылығы көпшілік назарына ұсынылды.

Попов Юрий Григорьевич 1947 жылдың 19 шілде күні Қарағанды қаласында дүниеге келді. 1972 жылы Абрамцев көркем-өндірістік училищесін аяқтап, 1990 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының және 1990 жылдан бері Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, 2000 жылдан  А.Мырзахметов атындағы университетінің оқытушысы және 2005 жылдан бастап аталмыш университеттің «Дизайн» кафедрасының доценті лауызымында қызмет етеді.

Ю.Г.Попов көп жылдар бойы Көкшетау облыстық ҚР Суретшілер одағының шығармашылық ұжымын басқарады. Юрий Григорьевич Қазақстанның бейнелеу өнерінің танымал шеберлері атанған суретшілердің бірнеше ұрпағын тәрбиеледі.

Суретшінің көпұлтты халқымыздың рухани құндылықтары мен дәстүрлерін дамытуға қосқан үлесі жоғары бағаланып, «Қазақстан Республикасы мәдениетінің еңбегі сіңген қызметкері» атты құрметті атағы берілді (1995ж.).

Суретші түрлі жанрларда, кескіндеме мен керамика техникасында, сондай-ақ сәулет өнерінде бірдей табысты жұмыс істейді (Теміртау қ. «Дала мадоннасы», Көкшетау қ. Ш.Уәлихановтың бюсті, Зеренді к. Мәлік Ғабдуллиннің ескерткіші және т.б.).

Кескіндемемен қатар Ю.Г.Попов керамиканы да меңгерген. Соңғы жылдары онымен 200-ден астам декоративтік композициялар, ыдыстар мен сауыттар, 30-дан астам керамикадан жасалған монумент жұмыстары Көкшетау қаласы мен облыстың аудан орталықтарының ғимараттары мен құрылыстарын безендіруде.

Ю.Попов көптеген республикалық және Чехословакия, Түркия, АҚШ, Израильдағы халықаралық көрмелерінің қатысушысы, еңбектері Мәскеу қ. Мемлекеттік шығыс елдерінің өнер музейінде, Алматы қаласының Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде, облыс орталықтарының музейлерінде және меншікті коллекцияларда бар.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img