spot_img
Сенбі, Маусым 13, 2026
19.1 C
Kokshetau

Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы пара алғаны үшін сотталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салумен ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол 2020 жылы серіктестіктерін көктемгі-күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін кепілдік берілген арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі оператор ретінде айқындауға жәрдем көрсеткені және жалпы қамқорлығы үшін коммерциялық ұйым өкілдерінен келісілген 30 000 000 теңгеден 13 847 430 теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкімді жария ету облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ұжымының қатысуымен өтті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

«АНТИКОР НЬЮС» ТЕЛЕГРАММ КАНАЛЫНАН АЛЫНДЫ

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Аршалы ауданында «Таза ел – жарқын болашақ» экологиялық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Есіл өзенінің жағалауында «Таза ел – жарқын болашақ» атты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика