spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.5 C
Kokshetau

«Мұғалім-2022» XX облыстық спартакиадасында көкшетаулық команда үздік болып танылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қатаркөл ауыл шаруашылық колледжінде Ақмола облысындағы білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында «Мұғалім – 2022» облыстық спартакиада өтті.

Салтанатты рәсімде Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова барлық қатысушыларды құттықтап, жеңімпаздарды марапаттады.

Спартакиада ойындарының келесі түрлері бойынша төмендегі жеңімпаздар анықталды:

Үш сайыс түрлері бойынша:
1 орын Біржан сал ауданының командасы;
2 орын Аршалы ауданының командасы;
3 орын Бурабай ауданының командасы.

Шахмат спорт түрі бойынша:
1 орын Көкшетау қаласының командасы;
2 орын Астрахан ауданының командасы;
3 орын Шортанды ауданының командасы.

Үстел теннисі спорт түрі бойынша:
1 орын Көкшетау қаласының командасы;
2 орын Бурабай ауданының командасы;
3 орын Целиноград ауданының командасы.

Тоғызқұмалақ спорт түрі бойынша:
1 орын Көкшетау қаласының командасы;
2 орын Зеренді ауданының командасы;
3 орын Целиноград ауданының командасы.

Қалашық спорт түрі бойынша:
1 орын Бурабай ауданының командасы;
2 орын Көкшетау қаласының командасы;
3 орын Аршалы ауданының командасы.

Асық спорт түрі бойынша:
1 орын Көкшетау қаласының командасы;
2 орын Степногорск қаласының командасы;
3 орын Ақкөл ауданының командасы.

Волейбол спорт түрі бойынша:
1 орын Целиноград ауданының командасы;
2 орын Қорғалжын ауданының командасы;
3 орын Қосшы қаласының командасы.

Командалық есепте 1-орынға ие болған Көкшетау қаласының, 2-орынға ие болған Бурабай ауданының және 3 орынға ие болған Целиноград ауданының командалары кубокпен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

«Балалар жылы» аясында спартакиадаға ата-аналарын қолдау үшін келген балалар «Жас жанкүйер» номинациясы бойынша марапатталды. Олардың ішінде Бақытбекұлы Бейбарыс, Сериков Мадияр, Хаверко Леон, Молдабай Асылым, Жарылкасын Алимансур, Кинев Макар, Алдияр Мектас, Каирбай Саяла, Литвиненко Матвей, Саратова Полина, Жунусова Айлин бар.

Қорғалжын ауданының командасы «Команданың үздік киімі үшін», Шортанды ауданының командасы «Жеңіске деген ерік үшін» номинациялары бойынша марапатқа ие болды. Сонымен қатар, спартакиаданың үздік қатысушылары облыстық кәсіподақтың грамоталарымен марапатталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img