Көкшетау қаласында «ТӘУЕЛСІЗДІК» алаңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру аясында Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр.
Аталған жәрмеңкеге Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Біржан сал, Бурабай, Зеренді, Сандықтау, Шортанды аудандарынан, Көкшетау қаласынан өнім өндірушілер, сондай-ақ «Көкѕһе ӘКК ҰК»АҚ шақырылды.
51 сауда шатырларда өңірдің 96 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері нарықтық бағадан 10-15% – ға төмен бағамен 50 тоннадан астам өз өнімдерін ұсынады.
Көкшетау қаласы мен қала маңы тұрғындары үшін делдалсыз сатуға ет (жылқы еті, сиыр еті, қой еті, шошқа еті және құс еті) және шұжық өнімдерінің кең таңдауы, жас балық, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері (қымыз, қоспа, құрт, айран, йогурт, қаймақ, сүзбе, сары май, қатты ірімшік), ұн, картоп, көкөністер және басқа да азық-түлік өнімдері (қант, тұз, өсімдік майы, макарон, күріш, қарақұмық жармасы және т.б.) ұсынылды.