spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.6 C
Kokshetau

Көкшетау қаласында тегін жеке жағажай ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласы Қопа көлінің жағасындағы жаңа жағалау маңында жеке жағажайдың салтанатты ашылуы өтті, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Ашылу салтанатына ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Қасым бастаған облыстың құтқарушылары қатысты. Ол қала тұрғындары үшін осы жеке жағажайдың ашылуының маңыздылығын атап өтіп, қоғамдық құтқарушыларға судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сәттілік тіледі және оларға құтқару ісінде оқудан өткені туралы сертификаттарды, сондай-ақ су қоймасының түбін тексеру туралы актіні табыс етті.

«Судың тазалығы туралы барлық әңгімелерге қарамастан, біз жүздеген азаматтардың күн сайын ыстықта шомылуға келетінін көреміз. Тиісінше, ықтимал тәуекелдер әрқашан болады және біз жауап беруге мәжбүрміз. Биылғы жылы «Бақтан Батырхан» ЖК тазалықты, абаттандыруды және судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді өз мойнына алды. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер Есенкелді Батырханның жағажайға кіруді тегін қылғаны өте жағымды факт, менің ойымша, бұл мақтауға тұрарлық жайт», – деп атап өтті Қайрат Қасым.


Ақмола облысының ТЖД су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді және бірінші кезекте:
– алкогольдік және есірткілік мас күйінде суға кіруге және шомылуға;
– қайықтардан, катерлерден, сондай-ақ, осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;
– жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан тыс жүзуге;
– жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
– техникалық және ескерту белгілеріне, буйкаларға көтерілуге;
– балалардың суға ересектердің қарауынсыз кіруіне тыйым салынады.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img