Медицина қызметкерлері күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айна Мысырәлімова облыстың медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, Алғыс хат табыстады.
Айна Ермекқызы өз құттықтауында тәулік бойы, мереке күні де алдыңғы шепте жүрген барлық медицина қызметкеріне шексіз алғысын білдіріп адал еңбектерін жоғары бағалайтынын және оның қадірін түсінетінін жеткізді. Салтанатты жиын мерекелік концертпен жалғасын тапты.
Айта кетейік, ақмолалықтарға 562 денсаулық сақтау ұйымында медициналық көмек көрсетіледі. Онда 7 мыңға жуық ақ халатты абзал жан еңбек етеді. Оның 1500 дәрігер болса, 5 мыңнан астамы орта медициналық қызметкер.
Ал, «Денсаулық» бастауыш партия ұйымы 11 партиялық топтан тұрады, оның құрамында 600-ге жуық медицина қызметкері бар.
#AMANATпартиясы
#AMANAT_Aqmola