spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.5 C
Kokshetau

Ералы Тоғжанов пен  Эльдар Жұмағазиев Ақмола облысының жеке қосалқы шаруашылықтарының дамуымен танысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев Ақмола облысына сапары аясында Степногорск пен Көкшетау қаласы және Ақкөл мен Бурабай аудандарының бірнеше ауылдарында болып, жеке қосалқы шаруашылықтардың дамуымен танысты.

Одан соң «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобалық кеңсесі аясында қолға алынған семинарына қатысушы ауыл әкімдерімен жүздесті. Ауыл халқының табысын арттыру аясында Үкіметтің 2025 жылға дейінгі халық табысын арттыру бағдарламасымен таныстырып, оған ауыл әкімдерінің де тікелей қатысы бар екенін айтты. «Ауыл халқының мәселесін шешуге бағытталған көптеген сұрақтардың шешімін табуымыз керек. Ауылдағы мәселені шешпей, болашақта қаланың мәселесі шешілмейді. Сондықтан ең біріншіден, ауылдағы азаматтарды жұмыспен қамтуымыз керек. Мүмкіндік жоқ емес, бар. Біраз ауылдарда болдым. Ауыл ішіндегі аулаға дейін кірдік. Жеке шаруашылық, ЛПХ дейді. Соның нақты нәтижелерін көрдім. Макинск ауылындағы бір жанұя ауласында құлпынай өсіріп жатыр. Табысы 30 млн.теңге екен. Яғни, халықты жұмыспен қамтысақ, онда кіріс көздерін де таптық деген сөз »,-деді өз сөзінде Ералы Тоғжанов.


Ауылда жеке қосалқы шаруашылықты және шағын бизнесті дамытуға қолдау бұдан былай ауыл әкімдері тарапынан да көрсетілетін болады. Яғни, «AMANAT» партиясының ұйымдастырған семинары аясында ауыл әкімдері алдағы уақытта маркетингтік талдау жүргізуді және ауыл экономикасын көтерудің перспективалық бағыттарын анықтауды үйренеді. Ауылда тиімді бизнес-жобаларды жасау дағдыларын іс жүзінде пысықтай алады.

«Бізді үш күн оқытып жатыр ғой, кооперативтер ұйымдастырып, бизнес-жобаларға қаржылық есептеулер жүргізуді үйренген болдық. Егер Үкімет қолға алған бағдарлама іске асса, онда жастар ауылдан көшпейді деп қуанып отырмыз,-деп ағынан жарылды Целиноград ауданының ауыл әкімі Мәулет Сағынтайұлы.
Ал Ерейментау қаласының әкімі Сапар Барлыбаев қалаларда жеке қосалқы шаруашылық болмауы керек болса, қалалықтарды жұмыспен қамту үшін не істеуіміз керек деген орынды сұрағын қойды. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов қалалықтар үшін тұрақты жұмыс тек шағын және орта бизнесте екенін алға тартты. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы билік тарапынан халықтың бизнеспен айналысуы үшін қандай жағдай жасауы қажет екенін тілге тиек етті. «Шыққан өнімді сатуға біз көмектесуіміз керек, техникамен қамтамасыз етуге біз көмектесуіміз керек. Инфраструктура мәселесіне біз көмектесуіміз керек»,-деді Ералы Тоғжанов ол өз сөзінде.


Кездесу соңында партияның хатшысы Эльдар Жұмағазиев ауыл әкімдерінің құзыретіне қатысты мәселені көтеріп, Үкімет басшысының орынбасарынан құзыретті арттыруға қолдау көрсетуді сұрады.
Бибінұр Әмірханқызы,
«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық
филиалының баспасөз хатшысы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img