spot_img
Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
16.4 C
Kokshetau

Көкшетауда көлік апатынан 25 жастағы жүргізуші көз жұмды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда коммуналдық кәсіпорынның қоқыс тазалайтын жүк көлігін соққан «Мазда» жеңіл көлігінің жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпастан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 ақпанда түнгі уақытта орын алған. Бұл туралы сағат 04:45-те Көкшетау қалалық полиция басқармасына «112» диспетчерінен хабар түсті. Онда «Кенесары-Мамыр» көшелерінің қилысында жол-көлік оқиғасы орын алғаны айтылған.

Анықталғандай, Мамыр көшесінің бойымен жүріп келе жатқан облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны басқарған «Мазда» автокөлігі белгіленген қашықтықты сақтамай «Зил» көлігіне артынан соғылған. Аталмыш «Көкшетазалық» ЖШС-не тиесілі, оны 51 жастағы жүргізуші басқарған.

«Жол апаты салдарынан «Мазда» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі «жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен бірге, тиісті сараптама тағайындалды», – деді ведомстводан.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img