spot_img
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
2.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында автосервис механигі ұрлаған автокөлікпен жол апатына ұшырады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында автосервис механигі көлік ұрлап, жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 2 желтоқсанда кешкі сағат 20:13-те Бурабай аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыны жүгініп, техникалық қызмет көрсету станциясына жөндеуге апарған көлігінің ұрланғанын айтқан.

«Анықталғандай, техникалық қызмет көрсету стансасының 31 жастағы механигі мас күйінде арыз иесіне тиесілі «Нива» маркалы автокөлігін ТҚС аумағынан айдап әкеткен. Күдікті автокөлікпен жүріп, жедел басқару орталығының сыртқы бейнебақылау камерасының тірегіне зақым келтіріп, жол-көлік оқиғасын жасаған», – деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осыған байланысты Бурабай аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 200-ші бабының 1-ші бөлігі «автомобильді ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Авторлық құқықтың негізгі объектiлерi

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар азаматтық-құқықтық институты әдебиет, ғылым және өнер туындыларын жасау және пайдалану саласындағы мүліктік емес қатынастарды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика