spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
1.1 C
Kokshetau

Бас прокурор мемлекет басшысына есеп берді

Сондай-ақ...оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды kaz.nur.kz. Ақорданын баспасөз қызметіне ілтеме жасап.
Президентке еліміздегі заңдылықтардың сақталуы, құқықтық тәртіптің жағдайы және осы кезеңдегі прокуратура органдары жұмысының қорытындылары туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қылмысқа қарсы күрес шаралары мен қылмыстық үдерістің үш буынды моделіне көшу жөнінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы да баяндалды. Прокурорлар 360 мыңнан астам қаулы мен тергеу органдарының хаттамаларын тексерген. Нәтижесінде 3 мыңнан астам азамат негізсіз қылмыстық айыптың құрығынан құтқарылған. Сонымен қатар, мемлекет басшысына қоғамның, азаматтардың және бизнестің мүдделерін қорғау жұмыстары жайында айтылды. Бас прокурордың сөзінше, жыл басынан бері қадағалау-бақылау органдары 100 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғап, мыңнан астам негізсіз тексерулердің жолын кескен. Президентке халықаралық ынтымақтастықты дамытудың перспективалары, оның ішінде шетелдік әріптестермен бірлесіп жұмыс істеуге байланысты қол жеткізілген келісімдер туралы да арнайы баяндалды. Бұдан бөлек, Ғизат Нұрдәулетов дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру, азаматтардың еңбек құқығы, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану, экология, халықты медициналық көмекпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері үнемі прокуратураның назарында болатынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев прокуратура органдарының тапсырмаларды орындау барысындағы жұмыстарына оң баға беріп, қоғам өмірінің барлық саласында заңдылықты одан ары қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Қазақ тілі қажеті болмаса, не үшін үйрендім?..» деген сөз қандай ауыр еді!..

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп алып, қазақ тілінің көркемдігі мен шұрайлылығын насихаттап, мақтап етіп...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img