spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қырғызстан Қазақстанға бір миллион доллардың көкөнісін жеткізеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 2021 жылдың қаңтар-қазанында 795,1 миллион долларды құрады. Қазақстан Қырғызстанмен көкөніс жеткізу бойынша келісімге келді. Сондай-ақ Бішкек қазақстандық өнімді сатып алады, деп хабарлайды sputnik.kz Қазақстанның сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл келісім министр Бақыт Сұлтановтың Қырғызстанға жұмыс сапары кезінде жасалды.

Азық-түлік саласындағы келісімшарт ведомство басшылары мен қазақстандық бизнесмендердің көрші елге іссапарының нәтижесі болды.

Осылайша Қазақстаннан Қырғызстанға жылдам дайындалатын кеспе жеткізу бойынша экспорттық мәміле жасалды.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Қырғызстан компаниялары қазақстандық нарыққа жалпы құны 1 миллион доллар болатын ерте піскен көкөніс жеткізу бойынша мәмілеге келді.

Министр кабинетінің төрағасы – ҚР президенті әкімшілігінің жетекшісімен кездесу барысында «Қарасу» өткізу пункті базасында шекара маңы индустриялық сауда-логистикалық кешенін құру жөніндегі іс-шаралар барысы талқыланды. Индустриялық сауда-логистикалық кешенінің базасында жеңіл өнеркәсіп (оның ішінде тоқыма), ағаш өңдеу, құрылыс материалдары және тағы басқа бірлескен кәсіпорын құрылатыны айтылды.

Сондай-ақ тараптар ішкі тауар өткізу желісін қалыптастыру процесін және Қырғызстанда көтерме сауда-тарату орталықтарын құру жөніндегі жобаны және оларды Еуразиялық тауар өткізу жүйесіне одан әрі интеграциялауды талқылады (Қырғыз Республикасының аумағында көтерме сауда-тарату орталықтарын құру және оның жұмысы туралы бірлескен іс-шаралар жоспарына біраз бұрын қол қойылған).

«Біздің бағалауымыз бойынша сақтау және логистика жүйесін құру Қырғызстаннан жеміс пен көкөніс экспортын 90 миллион доллардан 175 миллион долларға дейін 2 есе арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жеміс пен көкөніс өнімдерінің шығынын 40-тан 10%-ке азайтуға ықпал етеді», – деді Бақыт Сұлтанов.

Анықтама үшін:

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 2021 жылдың қаңтар-қазанында 795,1 миллион долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ке жоғары (703,7 миллион доллар).

2021 жылдың қаңтар-қазанында Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт көлемі 10,6%-ке өсіп, 519,9 миллион долларын құрды.

Қазақстаннан Қырғызстанға экспортталатын негізгі тауарларға мыналар жатады: табиғи газ, темекі өнімдері, су (минералды және газдалған суды қоса алғанда), тас көмір, алтын, сондай-ақ жеңіл автомобиль, мұнай өнімдері және әйелдер мен балаларға арналған гигиена заттары.

Қырғызстанға жеткізілетін қазақстандық экспортты арттыру әлеуеті 230 миллионнан астам долларға (190 позиция) бағаланды, олардың қатарында машина жасау, металлургия, тамақ саласы, құрылыс материалдары, химия өнімдері сынды салалар бар.

2021 жылдың қаңтар-қазанында Қырғызстаннан Қазақстанға жеткізілген импорт көлемі 17,7%-ке өсіп, 275,1 миллион долларды құрады.

Қырғызстаннан Қазақстанға бағытталған негізгі импорт тауарларға бағалы металл кендері мен концентраттары, өңделген шыны, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, пластмасса ыдыс, керамикалық тақтайша, қоюлатылған және құрғақ сүт пен кілегей жатады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img