spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Мәйітті үш ай аулада жасырған: бұрынғы полиция қызметкері ағасын өлтірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағайындылар арақ ішіп арты жаншалға ұласқан. Інісі мәйітті ауласындағы қоқыс жинайтын шұңқырға жасырған.Атырау облысында бұрыңғы полиция қызметкері туған ағасын өлтіріп, мәйітті 3 ай бойы ауласына жасырған, деп хабарлайды sputnik.kz.

Бұған ауылдастары сене алар емес.

Қанды оқиға облыс орталығынан шалғайда жатқан Индербор кентінде болған, деп хабарлайды «Астана» арнасы.

Қылмыс марқұмның ұлы әкесіне іздеу салған соң ғана ашылып отыр.

Жаға ұстатарлық жағдай орын алған үйдің бүгінде есігі тарс жабық. Ал, көршілері әлі күнге үрей құшағында жүр.

Айтуларынша, ағайындылар арақ ішіп арты жаншалға ұласқан. Інісі мәйітті ауласындағы қоқыс жинайтын шұңқырға жасырған көрінеді.

«Шошып кеттік. Жеңістің мұндайға баруы бізді таңғалдырды. Оның үйіне кіруге тіпті қорықтық. Осы жерде 15 машина тұрды. Атыраудан келді. Сарапшылар мен прокурорлар да келді. Оны сондайға барады деп ойламаймын. Бірақ айғақ солай деп тұр. Арақ ішкендіктен шығар. Ішіп жүрді ғой», – дейді көршісі Гүлшат Жантасова.

Көршілерінің айтуынша, мұнда марқұмның інісі отбасымен тұрып келген. Ал ағасы ара-тұра келіп тұратын. Шаруа қожалығында мал баққан. Соңғы рет 20-шы қыркүйекте ауылға келіпті. Содан кейін оны ешкім көрмеген.

Күдікке ілінген туған інісі, бұрын полицияда қызмет еткен. Қазір зейнет демалысында.

Кент әкімі марқұмды ауылдан көп көре бермейтінін айтты. Әлеуметтік жағдайы төмен болса да, көмек сұрап келген емес деп отыр.

«Ол 65-тің үстіне шығып кеткен үлкен кісі ғой. Ол қырда болған соң ауылдан көрмейміз. Ішімдікке жақындығы болған, естуіміз бойынша. Көп балалы әке», – деді Индербол кентінің әкімі Асхат Аймұратов.

Қазір Индер аудандық полициясы «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастап кетті.

Марқұмның балалары, ағасының жауапқа тартылуына қарсы.

«Жоқ. Ол кісі – ағам, ана кісі  – әкем. Ажал солай келіп тұрса, оған кім қарсы тұрады», – дейді марқұмның ұлы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img